«Жұлдыз болуға 20 фут қалғанда» («20 Feet from Stardom») деректі фильмі Оскар сыйлығын жеңіп алды. Бұл фильм бэк-вокалистердің тағдыры туралы баяндайды. Туынды үздік деректі фильм атанды, деп хабарлайды The Associated Press.л
Фильмді «Эмми» сыйлығының лауреаты Морган Невилл түсірді. Кинотуындыда бэк-вокалистердің даусының Рей Чарльз, Тина Тернер және Стиви Уандер сияқты жұлдыздар үшін фон ретінде ғана қолданылмай, осы жұлдыздарды авансахнаға шығарғаны туралы баяндалды. Лос-Анджелестегі Dolby театрының сахнасында жеңімпазды актер Брэдли Купер жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, Биылғы жылы басты аталымдардағы есімдер тізімінің арасында кімнің жеңімпаз атанатыны рәсімнің басты жаңалығы болмақ. Леонардо ДиКаприо сыйлықты ала ма, «12 жыл құлдық» фильмі үздік атанады ма? деген қазіргі кездегі басты сұрақтардың бірі болып табылады. Стив Маккуиннің туындысының тоғыз аталым бойынша жеңімпаз атануға мүмкіндігі бар, бірақ инсайдердің (Vanity Fair журналисі Пегги Сигел) айтуынша, дауыс беруге қатысқан алты мың академиктің көбі бұл фильмді көрмеген.
"BNews.kz"