Ұлттық арнадағы "Келін" телехикаясының кейіпкері Ананди образын сомдаған актриса Авика Гор Қазақстанға келді. Әлеуметтік желілер арқылы құлағдар болған көпшілік Анандиді көруге тіпті әуежайға жиналған екен. Олардың арасында үнді азаматтары да бар. Олардың айтуынша, Ананди көру бақыты Үндістанда емес, Қазақстанға бұйырыпты. Ата-анасын ерте келген Авика Гордың Қазақстанға келгендегі ең алғашқы әсері ауа райының суықтығына таң қалысы. Және өзінің келгеніне қуанышты екенін және көрермендермен жүздесуге асығатынын айтты. Ал, әкесінің айтуынша, Ананди бала күнінен бастап киноға түсіпті, түсірілім алаңында өсті. "Қызым менің ғана емес, бүкіл Үнді халқының мақтанышы",- дейді ол. Қонақтар Астананы аралап, ондағы ғимараттардың әр түрлілігіне таң қалыпты.

Ал, "Түнгі студия" бағдарламасының түсірілімі кезінде Қазмедиа орталығына көрермендер тайлы-тұяғына дейін жиналған. Тіпті, студияға лап қойған делінеді. Бір көрермен өзінің күміс бұйымдарын сыйға тартыпты. kaztrk.kz