• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:53:27
Алматы
+35°

11 Қазан, 2016 Спорт

23 жастағы Петропавлдық баскетболшы түнгі клубтағы аяусыз соққыдан көз жұмды

Петропавлда 23 жастағы баскетболшы  Игорь Нанаев қайтыс болды. Қаладағы түнгі клубтардың бірінде аяусыз соққыға жығылған жас жігіт тілге келместен...

Петропавлда 23 жастағы баскетболшы  Игорь Нанаев қайтыс болды. Қаладағы түнгі клубтардың бірінде аяусыз соққыға жығылған жас жігіт тілге келместен ауруханада жан тапсырды.

Бұл туралы  Qamshy.kz Nur.kz-сілтеме жасап хабарлайды.

Төбелес 3 қазан күні болған. Күдіктілер Нанаевтың басын асфальтқа соққылап, оның тістерін сындырып тастаған. Астыңғы ерні түгелдей жыртылып кеткен жігіттің миы ауыр зақымданғаны белгілі болды.

Игорь Нанаевтың сүйіктісінің айтуынша, бұл оқиға полиция бекетіне жақын маңда орын алған. Дәрігерлер баскетболшының миы төбелестен кейін мүлде жұмыс істемей қалғанын мәлімдеді. Бүгінде аталған қылмысқа байланысты соталды тергеу басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір