• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:41:58
Алматы
+35°

18 Қазан, 2016 NEWS

31-арнада «Келіндер бәйгесі» реалити - шоуының екінші маусымы басталады

24 қазаннан бастап, дүйсенбі- жұма күндері 19.00-де 31 арна той маусымының шымылдығын түріп, көптен күткен «Келіндер бәйгесі» шоуының жалғасын...

24 қазаннан бастап, дүйсенбі- жұма күндері 19.00-де 31 арна той маусымының шымылдығын түріп, көптен күткен «Келіндер бәйгесі» шоуының жалғасын эфирге шығармақшы,- деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бүгін « Му Cafe» кафесінде  31 арнадағы «Келіндер бәйгесі»  реалити- шоуының екінші маусымының журналистерге арналған таныстырылымы болды.  Алғашқы болып сөз кезегін арна басшысы Бағдат Қожахметов мырза алды. «Келіндер бәйгесі» жобасы – шын мәнінде бүкілхалықтық өнім, оны отбасымен бірге көруге болады және көру керек. Той – әрбір отбасының ең басты мерекесі.  Қазақстандықтардың тойға қалай наза аударатынын ескерсек, біздің кейіпкерлердің де салтанатты мерекелеріне куә болу көрермендер үшін де қызықты деп есептеймін»- дейді 31 арнаның Бас директоры Бағдат Қожахметов.

   

Естеріңізге салайық, «Келіндер бәйгесі» шоуының алғашқы көрсетілімі биылғы наурыз айында эфирге шыққан. Оған қазақстандықтар ерекше қызығушылық танытып, бұл жоба теленарықтағы біздің менталитетке сай телешоуға, қазақ тілді көрермендер үшін бірегей ұсынысқа айналған.

Реалити- шоудың екінші маусымында бағдарламаға республикамыздың әртүрлі қалаларынан қалыңдықтар қатысады. Егер бірінші маусым Шымкент, Тараз және Алматы қалаларында ұйымдастырылған болса, екінші кезеңде жобаның ауқымы кеңіп, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, соның ішінде Павлодар, Ақтөбе қалаларының өкілдері жоба қатысушысы атанды.  Кастинг әлі де жалғасып жатыр, бәйгеге қатысқысы келетін қалыңдықтар саны да аз емес.

«Келіндер бәйгесін» көріп отырған көрермен  шынайы өмірдегі қазақ тойының бейнесін, өз ортасында болып жатқан  той талқысына куә болады. Эфирді қарап отырған көрермен үшін қалыңдықтардың біріне-бірі баға беріп, жайылған дастарханды сынға алуы ерсі көрінуі мүмкін, бірақ  қазақтың әр тойының  соңы осындай туыстар мен таныстардың сынына ұшырап, талқылауға түсетіні жасырын емес. «Еті дұрыс піспеген», « құйған шарабы арзан», « асабасы онша емес», «қалыңдықтың көйлегі нашар», «маған сөз бермеді», «анау бәленше мың әкеліпті»  деген сынды күнделікті өзіміз айтатын пікірлер.  Болашақ немесе тойға дайындалып жүрген қалыңдықтар өздерінің тойына керек кеңестер ала алады. Ең әдемі той көйлегін қалай таңдау керек, қандай қызықты ойындар ойластыру, бірінші және екінші дастарханға не қою керек, қомақты қаражат жұмсап, немесе ақшаны үнемдеп-ақ той өткізуге бола ма? Осы сұрақтардың барлығына жауапты «Келіндер бәйгесі» жобасынан көресіздер!

    

 Соңында жалғыз ғана қалыңдық өз бәсекелестерінен озып шығып, Түркия елінде өтетін бал айына арналған  жолдаманың иесі атанады.

Арнаның атқарушы продюсері Әсел Тоянова  шоуды түсіру барысындағы өзінің таңданыстарымен бөлісіп, былай дейді: Әр аймақта той мерекелері әртүрлі өтетінін бақылау сондай қызықты. Мәселен, Шымкенттің тойларына 500-ден аса адам қатысса, той кортедждері, лимузиндер, жастардың қыдырысына ерекше көңіл бөлінеді. Ақтөбеде келіннің қолынан шәй ішуге қатысты ерекше дәстүр бар. Ал Павлодарлық тойлар күндіз сағат үште басталып, кешке он бірде аяқталады. Алматы мен Тараздың қонақтары, керісінше шақырылған уақытқа бір-екі сағатқа кешігіп жүреді.

 Қазақ  тойының өзіңіз байқамай жүрген қырларын көргіңіз келсе,  дүйсенбі және жұма күндері 19.00-де 31 арна қосулы болсын!  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір