• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:23:30
Алматы
+35°

21 Қазан, 2016 NEWS

Еліміздің шекара қызметі Sukhoi Super Jet 100 VIP атты құны он миллион долларлық ұшақ сатып алмақшы

Қазақстанның Шекара қызметі қараша айында Sukhoi Super Jet 100 VIP ұшағын сатып алмақшы деп хабарлайды 

Қазақстанның Шекара қызметі қараша айында Sukhoi Super Jet 100 VIP ұшағын сатып алмақшы деп хабарлайды  Qamshy.kz NUR.KZ порталына  сілтеме жасап.

Бұл туралы журналистерге Біріккен авиақұрастыру корпорациясының азаматтық авиация вице-президенті Владислав Масалов мәлімдеді.

"Қазақстанға VIP-нұсқадағы SSJ-100 ұшағы алынатыны рас па" деген журналистің сауалына ол "Иә" деген жауап қатқан.

Масловтың айтуынша, ондай ұшақтың тек бір данасы ғана Қазақстанның шекара қызметі мүддесі үшін алынатын болады. Ұшақ жоспар бойынша қараша айының соңында алынады.

Бүгінде Ресей тарабы аталмыш SSJ-100 VIP ұшағының үш данасына тапсырыс берген. Тағы екі ұшақты Таиланд Әуе күштері сұратып отыр.

Айта кетерлігі, қарапайым SSJ-100 ұшағы шамамен $34 млн тұрады, ал VIP-нұсқасының құны тапсырыс берушілердің талғамына орай еселене түседі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір