• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:24:33
Алматы
+35°

 

Алматыда «BOSTANDYK ІNVEST FORUM» инвестициялық форумы өтті

 

 «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» тақырыбындағы форумға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов, шетелдік инвесторлар, Қаржы институттарының, Алматы аудандары әкімдіктері, ШОБ өкілдері қатысты.

Алматының Бостандық ауданы әкімдігінің бастамасы­мен «Іnter Contіnental» қонақ үйінде өткен форум жан-жақты дайындалыпты. Алматы қаласындағы МЖӘ аясындағы инвестициялық жобалар көрмесі, инвестор­лармен, бизнес өкілдерімен кездесу, түрлі сессиялар, пленарлық отырыстар, т.б. форум жұмысының жан-жақтылығын көрсетті. Форумның ашылуында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов, Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаевтар баяндама жасады.

Баяндамашылар, басқа да спикерлер Алматыдағы «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» аясындағы жоба­лардың жүзеге асуы, бизнестің әлеуметтік жауапкер­шілігі жөнінде сөз қозғады. Форумға қатысушылар пленарлық оты­рыстарды мегаполисте қолға алынып жатқан инвест­жобалардың еуропалық тәжірибелері, МЖӘ-нің артық­шылықтары жөнінде талқылау өткізді. Форумға арнайы дайындалған кітапшада МЖӘ аясындағы 25 жоба жан-жақты беріліпті. Олардың арасында  «Жеңіл рельсті көлік құры­лысы мен пайдаланылуы», «Балабақша құры­лысы», «Көше жарығы», т.б. инвестициялық жобалар бар. Мысалы:

Жоба: Жеңіл рельсті көлік (жылдам трамвай) желісі құрылысы және оны пайдалану

Жобаның мақсаты: Алматы қаласында ЖРК ендіру

Қажет инвестиция: 95300 млн. теңге

Жүзеге асу мерзімі: 2017 – 2019ж.ж.

Қуаты: 31 вагон, жолаушы ағыны – күніне 63 мың адам, ұзақтығы – 22 шақырым.

Жобаның қажеттілігі: Жолаушылар тасымалы секторын және туристік саланы дамыту.

Жоба: Алматы қаласының көше жарығын модер­низациялау.

Мақсаты: Көше жарығын модернизациялау, электр энергиясын 50 пайызға үнемдеу.

Қажет инвестиция: 11800 млн. теңге.

Қуаты: 80 мың натрий лампаны жарықдиодты лампаға ауыстыру.

Жүзеге асу мерзімі: Модернизация – 5 жыл.

Келтірілген инвестжобалар қатарында, сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында «Ғылым үйін» салу, мегаполис бойынша бірнеше балабақша құрылысы, Наурызбай ауданында «Арнаулы жедел жәрдем стансасы» емханасын салу. т.б. жобалар бар.

Инвестфорум жұмысына Алматыға инвестиция құюға дайын шетелдік компаниялар өкілдері де қатысты. Солардың бірі «Sanlas Holdіng» компаниясының  Бас директоры Давид Фальман «Алматы. МЖЭ қағидаты бойынша оңалту орталықтарын құруда Еуропалық тәжірибені енгізу туралы» баяндама жасады.

ҚР Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елде «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті»  дамыту қолға алынып отыр. Бұл – бірыңғай мемлекеттік бюджетке иек артпай, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға Шағын және орта бизнесті тартып, инвестиция құю. Ал жергілікті билік өз тарапынан биз­неске бар жағдай (жер телімдері, инженерлік-коммуни­кациялық желілері, заңдастыру, т.б. жеңілдіктер) жасауы қажет. Елбасы тапсырмасы Алматыда қарқынды қолға алынған.  «BOSTANDYK ІNVEST FORUM» басқосуы да осы бағыттағы инвестжобалардың таныстыру алаңына айналды.

Нұрлан СҮЙІН

"Алматы ақшамы" газеті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір