• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:52:13
Алматы
+35°

 

 

Алғашқылардың бірі болып «Универсиада-2017» билетін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек алды

Шаһар басшысы билетті «Универ­сиада-2017» басталуына 100 күн» сал­танатты шарасында, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының кассасынан алды. Билеттер Мемлекеттік цирк, Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы, «Меломен» желісінің кассала­рында сатыла бастады. Қазақ­станның басқа да жетекші операторлары «Уни­версиада-2017» билеттерін сатуға жуық арада кіріседі.

Бүкіләлемдік ойындардың билеттер бағасы 300 теңгеден 3500 теңгеге дейінгі аралықта.

«Универсиада-2017» ойындарының ашылу және жабылу салтанатының билеттері 3000-15000 теңге аралығында.

«Универсиада-2017» ойындарының ресми билет операторы болып KASSІR.KZ танылды.

Билеттерді сатумен айналысатын веб-порталдар: almaty2017 com, fіsіtіcet.com, kassіr.kz.

Универсиада билеттері төмендегі спорт түрлері бойынша сатылымға түсті: тау шаңғысы, биатлон, шаңғы қоссайы­сы, сноуборд, фристайл, керлинг, шорт­трек, шаңғы сайысы, хоккей (әйелдер), хоккей (ерлер), конькимен жүгіру, трамплиннен секіру.

Жарыстар кестесімен ойындардың ресми сайты: almaty2017 com. арқылы танысуға болады.

Нұр ҚАЙЫР

«Алматы ақшамы» газеті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір