• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:03:46
Алматы
+35°

23 Қазан, 2016 Аймақтар

Қаракөл тоқтысына сұраныс көп

Биыл Созақ ауданы әкiмдiгi ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң тарапынан атқарылған мал етiн экспортқа шығару жөнiндегi жұмыстар оң нәтижесiн беруде. Алға қойған...

Биыл Созақ ауданы әкiмдiгi ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң тарапынан атқарылған мал етiн экспортқа шығару жөнiндегi жұмыстар оң нәтижесiн беруде. Алға қойған мақсаттар мен міндеттер сәтті орындалып, шетелде сұраныстың артуы атқарылған жұмыстың жемісті нәтижесі. Тамыз және қазан айының бiрiншi онкүндiгi аралығында «Қарақұр» өндiрiстiк кооперативiнде өсiрiлген 2688 еркек қаракөл тоқтысы Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне экспортқа шығару үшiн сатылды. Бұл жөнiнде «Дисада» ЖШС-нiң директоры Санат Сүлейманов «Бiз бұл жолы уақ малдың төлдерiн экспортқа шығарып отырмыз. Алдағы кезеңде араб мемлекеттерiне экспортқа аудан агроқұрылымдарынан уақ малдармен бiрге сиыр, түйе етiн шығару iсiн жүйелi түрде жалғастыратын боламыз. Қазiргi таңда Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне 50 мың уақ мал төлiн сату жөнiнде келiсiмшартымыз бар. Экспортқа бұл жолы тiрiдей мал төлдерiн шығардық.

Келешекте Созақ ауданының Таукент кентiнде орналасқан «Таукент мал сою цехын» күрделi жөндеуден өткiзiп, iске қосу жоспарымызда бар. Оны iске қоссақ, мұздатылған еттi де экспортқа шығара аламыз» дедi. Міне, осылайша созақтықтар аса зор мақтанышпен мал өсіру өндірісін халықаралық деңгейде жаңартқанын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісуде.

Созақ ауданы әкiмдiгiнiң баспасөз қызметi.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір