• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 16:19:28
Алматы
+35°

29 Маусым, 2017 Әлеумет

Үшарал-Достық автожолының жөндеу жұмыстары биыл басталады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитет төрағасының...

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитет төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлімдеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Спикердің сөзінше аталған автожолды жөндеу жұмыстары биыл басталады деп күтілуде. «Бұл мақсатқа биылғы жылдың бюджетінен қаржы қарастырылды. Қазіргі уақытта «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мердігерді анықтау бойынша байқау процедураларын жүргізіп жатыр», - деді Амангелді Беков.

Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары мәліметінше келісім-шартқа шілде айында қол қойылады деп жоспарланған. «Жыл соңына дейін ескі жобалық-сметалық құжаттар қайта есептеліп, құрылыс жұмыстары басталады. Бұйыртса, 2020 жылы толық аяқтаймыз», - деді спикер.    

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір