• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

27 Қыркүйек, 2018 Саясат

"Санкт-Петербургте Әлиханның мемориалды тақтасы орнатылсын"

Университеттің ең айтулы түлектерінің бірі –  XX ғасырдың басындағы Ресей мен Қазақстанның ірі қоғам әрі мемлекеттік қайраткері Әлихан Бөкейхан.

Азат Перуашев Санкт-Петербург Орман технологиялық университетінің ректорына осы оқу орнының түлегі Әлихан Бөкейханның мемориалды тақтасын орнату туралы ұсынысын жолдады деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Хатта есімдері революцияға дейінгі Ресейдің, КСРО және оның бұрынғы республикаларының тарихына кірген көптеген танымал және аты аңызға айналған адамдар аталмыш жоғарғы оқу орнының қабырғасында оқып, жоғары білім алғаны жөнінде айтылған. Университеттің ең айтулы түлектерінің бірі –  XX ғасырдың басындағы Ресей мен Қазақстанның ірі қоғам әрі мемлекеттік қайраткері Әлихан Бөкейхан.

Ол I Мемлекеттік Думаның депутаты, Уақытша үкіметтің комиссары болған.
1917 жылдың қараша айында Бүкілресейлік құрылтай жиналысында депутат болып сайланды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ ұлттық қозғалысының көшбасшысы, «Алаш» қазақ автономиясының негізін қалаушы және жетекшісі болғандықтан да ол шын мәнінде Қазақстанның мемлекеттілігін қалыптастырудағы ең көрнекті әрі біртуар тұлға болып саналады.

«Орыс және қазақ халықтарының достастығын нығайтуға үлес қосқан ғалым және мемлекет қайраткері ретінде оның орасан зор еңбегін мойындап, А.Бөкейханға құрмет білдіре отырып, «Ақ жол» фракциясының депутаттары Сізден университеттің бас оқу корпусының ғимаратына келесідей жазбамен мемориалды тақтаны орнату мүмкіндігін қарастыруыңызды сұрайды:

«Бұл жерде 1890-1894 жылдары I Мемлекеттік Думаның депутаты, Қазақстан бойынша Уақытша Үкіметтің комисссары, «Алаш» Қазақ автономиясының негізін қалаушы және жетекшісі, көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері, журналист, біртуар ғалым-энциклопедист – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (Бөкейханов) білім алған», - деп айтылған Азат Перуашев қол қойған өтініш хатта.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір