• USD 383.34
  • EUR 431.45
  • RUB 5.89
  • CNY 55.51

20 Қыркүйек, 2018 Аймақтар

Н.Ноғаев: Біз Президенттің тәуелсіз Қазақстан үшін атқарған ісінің өлшеусіз екенін түсінуіміз қажет

Конференцияға 5 мемлекеттен студенттер қатысты

Атырауда «Назарбаев моделі: стратегиялық жоспарлау және прагматизм» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға 5 мемлекеттен студенттер қатысты.
Бүгін, 19 қыркүйек күні Атырауда облыс әкімдігінің қолдауымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Н.Назарбаев: дәуір,тұлға, қоғам» Елбасының көшпелі қор көрмесі жобасы аясында халықаралық конференция өтті.. 
Іс-шараның модераторы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов өз сөзінде Қазақстанның өткені мен бүгініне тоқталып өтті.
-Шараның басты мақсаты – Елбасының ішкі, сыртқы саясаттағы жеткен жетістіктерін, алғышарттарын, елдің даму жолын көрсету. ҚР дамуына елдегі барлық аймақтар өз үлестерін қосып отыр. Соның ішінде осы шараны Атырау облысында өткізудің өзіндік маңызы бар. Тарихы бай қазыналы Атырау ірі отандық және шет елдік қор шоғырланған үлкен мекенге айналып отыр. Өз кезегінде ел дамуына ат салысқан барлық атыраулықтарға, облыс басшысына ризашылығымды білдіремін , – деді Әмірхан Рахымжанов.
Конференцияда Түркия, Иран, Өзбекстан, Ресей және Қытайдан келген студенттер Елбасының ішкі-сыртқы саясаты, бастамалары, қазақ елінің тәуелсіздіктен кейінгі жаңа тарихы туралы баяндама жасады. Жиынға қатысқан облыс әкімі Елбасы жүргізген саясаттың Қазақстанның дамуындағы басты қозғаушы күш екенін айтып өтті. 
- Әлемдік саясатта өзіндік орны бар Қазақстан жолында бар күш-жігерін салған Н.Назарбаевтың елеулі еңбегін бүгінгі таңда бүкіл әлем мойындап отыр.Тарих қойнауынан ұзақ жылдар бойы толғатып,елге бағдар берген Елбасының сындарлы саясаты арқасында бүгінде қазақ елі бейбіт өмір сүруде. Бүгінгі шарамыз соның бір дәлелі,- дейді Нұрлан Ноғаев. - Біз президенттің тәуелсіз Қазақстанға атқарған ісінің өлшеусіз екенін түсінуіміз қажет және айналамызға айта жүруіміз керек.
«Н.Назарбаев: дәуір,тұлға, қоғам» Елбасының көшпелі қор көрмесі жобасы аясында облыс аудандарында да талқылаулар мен басқосулар ұйымдастырылады. 
Айта кетейік, кеше 18 қыркүйек күні Атырауда " Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам" Елбасының көшпелі қор көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмені Ш.Сариев атындағы облыстық мұражайда 2 ай көлемінде тегін тамашалауға болады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір