• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

29 Қараша, 2018 Тарих

Бабасының иттігі үшін бүгінгі ұрпағы жауап берсін

Кешегі ЖАУЫЗДЫҚтың бетін ашып, алдын алмасақ – бүгінгі ЖАУЫЗДЫҚқа жолығып, ертеңгі ЖАУЫЗДЫҚқа жол ашамыз...

Мен білетінім: өзім хабардар қазақтың мыңбатпан қасыретінің 99 пайызы – озбыр орыс­тан келген. Алдымен, патшалық, сосын, советтік орыс билігі – қазақты қынайдай қырумен ғана айналысқан. 
Орыс – қазақтың тілі мен дінін, салты мен ғұрпын былай қойып; ӨЗІН жоюды – басты мақсаты етіп қойған. 
Біріншіден, айбатты «Алтын Орда­ның мұрагері – қазақтар екенін біледі; білгесін – рухы мен қуатынан қорықты. 
Екіншіден, қазақтың кеңбайтақ Ұлы Даласына қызықты. 
Үшіншіден, қазақты жоймаса, Орта Азияға қадам баса алмайды. 
Әрине, орыстың шовинистік уы санасына сіңіп, қанына кіріп кеткендер «қытай жүз есе қауіпті», «батысың мен оң қапталың да оңып тұрған жоқ» деген уәж айтатынын білемін. Мен де басқа дұшпанның бар екендігін жоққа шығара алмайымын. 
Бірақ, қазақтың басты дұшпаны – орыс: бұрын да, қазір де, болашақта да! Жалғыз ақиқат – осы! Осы тұжырымым­ның шындығын бүгінгі күннің жалғыз дерегімен-ақ дәлелдеп бере аламын. 
Қапыда Украинның Қырымын басып алған бүгінгі орыс – әлем халқын «ақымақ» санап, Қырымды қайтармай отыр. Бірақ, Қырым үшін талай орыстың о дүниеге аттануы былай тұрсын, жалпы, орыс елі – Ресейдің өзі жүз бөлшекке бөлініп, жердің бетінен жойылып кетуі – әбден мүмкін. 
...Украина қазір – орыс билігі жантүршігерлік озбырлықпен жүзеге асырған – Голодомордың 85 жылдығын атап өтуде. 1932-1933 жылдар арасында Украинада болған ашаршылық – Қазақстанда сияқты – орыс билігінің қолдан жасаған зұлымдылығы. 
«Украинаны сақтап қалу үшін біз Украинада коммунистік режимінің жасаған ауыр қылмыстарын әрқашан есте ұстауымыз керек», – деді бүгінгі украин басшысы Петр Порошенко. 
АҚШ сенаты Украинадағы 1930 жылдардың басында Кеңес билігі ұйымдастырған жаппай ашаршылық – Голодоморды «геноцид» деп танып, «Иосиф Сталин мен оның билігі 1932-1933 жылдары Украинада жаппай аштық ұйымдастырып, украин халқына қарсы геноцид жасады» – деп, атаған қарар қабылдады.
 Советтің («орыстың» деп түсініңіз. Қ.Ғ.) тотали­тар­лық режимінің қылмыстары – тарихи-құқық­тық бағаға ие болып, Украинадағы Кеңес өкіметі жасаған ашаршылық халықаралық дәрежеде «украин халқына қарсы жасалған геноцид» болып, толық мойындалды. 1932-1933 жылдары аштықтың құрбаны болған миллиондаған (шамамен, 3 миллион адамнан асады...) кінәсіз украиндықтардың Сталиннің тоталитарлық режимінің кесірінен аштықтың азабын тартқаны айқын анықталды. 
Ол-ол ма, қазіргі өркениетті заманның өзінде Ресейдің орыс билігі зорлық-зомбылықпен украиндардың атамекені Қырымды бопсалап алды. Украинаның шығысында Украина халқының Батысқа ұмтылысын және өздерінің жеке басын жоюға тырысқан Ресейлік агрессиялық билікпен қарсыласудың нәтижесінде – 10 мыңнан астам украиндықтар қаза тапты. 
Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтас­тығын және украиндықтардың өз курстарын таңдау құқығын қолдайтын АҚШ: «Ресей – украин халқының рухын жеңе алмайды!» – деп атап өтті. 
Украинаның Жоғарғы Радасы 1932-1933 жылдардағы Голодоморды украин халқына қарсы жасалған «геноцид» ретінде тану туралы өтінішпен демократиялық мемлекеттерге 2016 жылы жүгінген болатын. 
Бүгін шындықтың көзіне тіке қараған жер бетіндегі 24 мемлекет Украинадағы Голодоморды «геноцид» деп таныды. Сөйтіп, ұлтшылдығы бекем украиндар табанды күрестің арқасында «Кеңес өкіметінің кер саясатын ұлтқа жасалған геноцид» деп, әлемге мойындатты. 
*** *** *** 
Ал, халқының саны 1911 жылы 8 миллион адам болған қазақтан – 1939 жылы небәрі 2,5 млн адам ғана қалған, яғни, арадағы ширек ғасырда 5,5 миллион адамынан айырылған. Бірақ, қазақ бүгін неге үндемей отыр?!. 
Нақты деректер 5,5 миллион адамның – 4 миллионы 1932-33 жылдағы ашаршылықтан қырылып қалғандығын айғақтады. Әрі қарай, шамамен, 500 мың қазақ – орыс билігі күштеп қатыстырған Бірінші дүниежүзілік соғыста жойылып; 1 млн адам 1921-22 жылдардағы ашаршылықтың құрбандарына айналды. 
Аз уақытта қазақтың жетпіс пайызын жойып жі­берген орыстың дұшпандығын кешіруге бола ма?!. 
«Мұны аз» десеңіз, орыс билігі «коллектив­тендіру» деген желеуді қасақана қолдан ұйым­дастырып, 1929 жылы қолында 40 млн мал басы болған қазақтың малын тартып алып, бұл малдың 1933 жылы небәрі 2,15 млн басы ғана қалған. 
Қазақтың малының алпыс пайызын жойып жіберген орыстың тағылын ұмытуға бола ма?!. 
Осынау орасан қысастық пен қаныпезерлікті, зорлық пен зомбылықты, қанқұмарлық пен қылмысты – біз жігерсіздікпен кешіргенімізбен, (орыстың теңдессіз қиянатын былай қойғанда), біздің азусыздығымызды – салауатты болашақ ұрпағымыз кешіре ме?!. 
Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасырдан асса да, өткен ғасырда қазақ халқына екі мәрте қолдан жасалған ашаршылық-қиянатты дәлелдеп, тарихи бағасын беруге талпынбаған билікті кім деп білеміз?!. 
Орыс билігі әдейі ұйымдастырған – қазақтың малын тартып алып, тамұқ далаға тағыдай тентіретіп жіберген жасанды ашаршылық – ХХ ғасырдың ең ауыр қылмысы. 
Орыс билігі әдейі ұйымдастырған – қазақтың зиялысын зынданға салып, ақылдысын атып, білімдісінің басын алған репрессия – ХХ ғасырдың ең ауыр қылмысы. 
Жалмауыз орыс билігі қасақана қолдан жасаған қиямет-қиянаттан көзі тірі он қазақтың – жетеуі жер астына көмілген зұлмат жылдарды – қазақтың ұрпағы мәңгі ұмытпауы керек. 
Қазақтың Ұлы Даласының төрт млн астам пер­зен­тін бір үзім нанға зар қылып, ажал апанына құ­латқан; қазақтың жетпіс пайызын жойып, ұлт­ы­мыздың тамырына балта шабуға тырысқан ОР­ЫС БИЛІГІ жаһандық жауыздықтың астарында алпауыттардың айласы жатқанын жасырып бағуда. 
Ол-ол ма, қазақ халқын қойша қырған қылмыс­керлердің бүгінгі ұрпағы ата-бабаларының қиянатымен қоса, өздерін ақтап алуға тырысып, нәубетті жоққа шығарушылар күн санап, көбейе түсуде. Сергей Масаулов деген бір шовинист: «Қазақтың ашаршылық турасындағы жанайқайы – жай ғана миф...» – деп, сандырақтады. Бабасы жасаған жауыздықты – баласы мойындағысы келмейді. Мойындаса, бабаларының иттігі үшін – жауап беруге тура келеді... 
Таяуда әлемдегі ең қанқұйлы бес басшыны анықтаған зерттеу нәтижесін Америка ғалымдары жария етті. 
Бас жүлдені – 78 млн адамның көзін жойған – Мао Цзинь «жеңіп алды». 
Екінші орынды – 23 млн адамды о дүниеге аттандырған Иосиф Сталин ешкімге бермеді. (тарихшылар «Сталин кемі 40-45 млн адамды көрге тықты» дейді). 
Үшінші орын иегері – Адольф Гитлер 17 млн тірі пендені «мылжалаған». (Ғалымдар бұл санның анағұрлым көп, дәлірегі, 25-30 млн адамға жетіп-жығылатындығын болжайды). 
Төртінші орындағы бельгия королі Леопольд – 15 млн адам қырған. 
«Үздік бестікті» – 6 млн адам өлтірген жапониялық қолбасшы Тодзио жауып тұр. 
Демек, осы аты аталған бес жауыз (болжам-жобаларды қаперге алмағанның өзінде...), барлығы – 140 млн адамның көзін жойған. 
Демек, кешегі ЖАУЫЗДЫҚтың бетін ашып, алдын алмасақ – бүгінгі ЖАУЫЗДЫҚқа жолығып, ертеңгі ЖАУЫЗДЫҚқа жол ашамыз... 
*** *** *** 
Қазіргі қазақ билігі, ең алдымен, аталған нәубетті: «Совет өкіметінің қазақ ұлтына қасақана қарсы жасаған геноциді» деп, тануы керек. 
Екіншіден, бұл ақиқатты – әлемге мойындатып, жаһанға жариялауға тиіспіз. 
Ұлтымызға жасалған тарихи және аяусыз қастандыққа шынайы баға беру – бүгінгі қазақ билігі мен халқының борышы. 
Үмітімізді үзбейміз! 

Қажымұқан Ғабдолла

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

3 пікір

Пирали 01 Желтоқсан, 2018

Ассалаумағалайкум Ғабдолла мырза өте орынды орыс билігінің қазақ халқына әдиі жасалған геноцид деп танимын

Ерман 02 Желтоқсан, 2018

Кажымукан Ғабдолла өте орынды мақала жазыпсыз!!!!#

Ерман 02 Желтоқсан, 2018

Ата бабамыз айтқан ғой "қасыңда орыс болса қойыныңда балтаң болсын" деп!