• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 00:26:56
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

30 Қараша, 2018 Ғылым-білім

Әміржан Қосанов: Жастарға жақын жоба!

Бір нәрсе анық: біздің мемлекет Конституция бойынша «әлеуметтік мемлекет».

БҚО-да Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық драма театрында "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" мен ҚР Қоғамдық даму министрлігің қолдауымен "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі жүзеге асырған Қазақстан жастарын әлеуметтендіруге бағытталған JasQZ жобасын қорытындылау бойынша салтанатты шара өтті.

Jas.Qz

JasQZ жобасы аясында ұйымдастырылған "Менің таңдауым" байқауы 6 бағыттан ("Ұлттық құндылық", "Әскери-патриоттық", "Зияткерлік", "Шығармашылық", "Әлеуметтік белсенділік", "Спорттық") тұрды. Онда Батыс Қазақстан облысының 9-11 сынып оқушылары мен жоғары оқу орны студенттері 6 бағыттың бірін таңдап, өзара бәсекеге түсті.

Jas.QZ

Қорытынды шараға "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" басқарма төрағасының орынбасары Оралова Гүлнар Әлімжанқызы арнайы келіп қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Байқау жеңімпаздарын елімізге белгілі Әміржан Қосанов, Расул Жұмалы сынды қоғам қайраткерлері табыстады. Осы орайда саясаткер Әміржан Қосановтан шара жайлы пікірін білдік.

Jas.Qz


- JAS.QZ жобасы несімен ерекше?

- Бұл жобада заман талаптарына сай көптеген критерийлерді көріп отырмын: жаңашылдық, креативтілік, табиғилық. Маған, әсіресе, жобаның ауыл-аймақтық сипаты ерекше ұнады: жоба өкілдері облыстың барлық аудандарына өз аяғымен барып, талмай-шаршамай аралап, жастар арасында іріктеу жұмыстарын жүргізген! «Ел іші – талант кеніші» екенін ескерсек, мұндай бастама аса құнды әрі мемлекеттік саясатты жастарға жақындата түседі!

- Жастарды әлеуметтендіру бойынша қандай шаралар ұйымдастыруға шақырар едіңіз?
Алты бағыт бойынша сынақтар өткізудің өзі не тұрады! "Әлеуметтендіру" деген мен үшін, ең алдымен, қазіргі, қиын-қыстау, білім алу мен жұмыс табу секілді шаруаның мейлінше күрделеніп кеткен заманға бейімделу, «заманың түлкі болса, тазы боп шал» принципінің нақты түрде жүзеге асырылуы. Сондықтан да нақты мамандыққа, нарықтық экономиканың өмірде кездесетін талаптарына қатысты сынақтар мен байқауларды көбейту керек деп ойлаймын. Әсіресе, ғылым мен білім, жаңа технологиялар мен заманауи мамандықтар мен кәсіптерге арналған тұстарын көбірек насихаттап, жастарға жақындата түсу қажет деп санаймын.

- Облыстық деңгейде өткен пилоттық жобаның оң және теріс тұстары қандай?
- Оң тұстарын айттым, ал көзге ұрып тұрған теріс тұстарын байқамадым. Оны жобаның басы-қасында жүрген, мән-мәнісіне терең бойлаған азаматтар білетін болар.
Бір ұсыныс қана айта аламын. Сөз жоқ, облыстық әкімшілік жобаға қолдау көрсетіпті. Онысына рахмет! Аудандардағы әкімшілік мамандарына алғысын айтып, оларды марапаттаған «Адырна» қоры да жарады. Бірақ облыс орталығындағы театрда өткен қорытынды кешке облыс әкімшілігінен ресми тұлғалар келе қоймады. Бәлкім, олардың шынымен де қолы тимеген шығар. Бірақ, облыстың түкпір-түкпірінен келген жастардың алдына шығып, бір ауыз жылы сөздерін айтқанда, қатып кетер еді! Биліктің беледі де артар еді.

- Елімізде әлеуметтендіру деңгейіне қандай баға берер едіңіз?
- Бұл өзі өте-мөте қиын сұрақ. Бір нәрсе анық: біздің мемлекет Конституция бойынша «әлеуметтік мемлекет». Сондықтан да қоғамның барлық топтарының – жас болсын, орта буын болсын, зейнеткерлер болсын – әлеуметтенуіне, яғни жаңа заманға бейміделуіне мемлекет тікелей жауапты. Өз басым мемлекет осы миссиясын толық мәнінде атқарып жатыр деп айта алмаймын! Сонымен қатар, тек қана мемлекетке қарап қалуға болмайды: қоғам, әрбір азамат өз белсенділігін танытуы шарт. Сонда ғана шын мәніндегі әрі жемісті әлеуметтену жүзеге асады деп санаймын!

Жалпы, жобаның үздік шыққан жүздіктеріне арнайы тіктірілген күрешелер, куәліктер, төсбелгілер таратылды. Сонымен бірге, оларға мәдениеттанушы, этнограф Бердалы Оспанның "Қазақ салттарының інжу-маржандары" атты кітап сыйға тартылды. Қазақстан жастарын әлеуметтендіруге бағытталған JasQZ жобасын қортындылау бойынша салтанатты шара барысында жүзеге асыруға белсенді ат салысқан маман, қызметкерлер де марапаталды.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

7 пікір

Дамир 12 Желтоқсан, 2018

Жастарды барынша қолдайтын осындай жобалардың көп болғаны дұрыс.

Дамир 12 Желтоқсан, 2018

Тамаша жоба екен. Жалғасын тапса игі.

Дамир 12 Желтоқсан, 2018

Жастар жылына көптеген жақсы жобалар болып қалады деген ойдамын.

Дамир 12 Желтоқсан, 2018

Елбасымыз Жастар жылына көптеген шынайы жобалар ашуға тапсырма беретін шығар.

Дамир 12 Желтоқсан, 2018

Жастарды әлеуметтік тұрғыдан қолдайтын жобалар көп болса екен.