• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 13:17:48
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

06 Ақпан, 2019

Гауһар Әлімбекова халықтан кешірім сұрады (видео)

Мен сіздерден бірінші кешірім сұраймын.

Танымал әнші Гауһар Әлімбекова халықтан кешірім сұрады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен сіздерден бірінші кешірім сұраймын. Себебі кеше келе сала алғыс білдіріп, сәлем жолдауым керек еді. Енді суық жерден келген соң іштегі суық сыртқа шығып мазам болмай, ауырыңқырап жатып қалдым. Жылы жерге оралған соң есімді енді ғана жинап отырмын. Ештен кеш жақсы дейді ғой қазақ. Құрметті де қымбатты Ләйлә Сұлтанқызы, БАҚ өкілдері, қымбатты өнердегі Мақпал әпкем мен Майра әпкем бастаған өнердегі әріптестерім, сондай-ақ сүйікті қазақ халқыма, мен үшін алаңдаған әрбір адамға риясыз көңілмен алғысымды білдіремін! Әуелі Алла және өнердегі жанашыр жандардың қолдауымен жағдайым сәл де болсын жақсарды. Бірінші Алла содан соң сіздердің қолдауларыңыздың арқасында тар қапастан туған туыстың ортасына оралдым. Ал негізгі шешім аппеляциялық сот кезінде белгілі болады. Сіздердей жанашыр халқым барда бәрі оңалар деп үміттенемін. Мен сіздерді жақсы көремін", деді Гауһар Әлімбекова. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Анау жолы @gauhar_alimbekova_official қатысты білген ақпаратыммен бөлісіп, хабардар қылып отырамын деген едім ғой. Міне, Гауһар қыздарыңыз сіздерге ақ жүрегімен алғысын жеткізді. Видеодан-ақ бұл жағдайдың жеңіл тимегені көрініп-ақ тұр... ⠀ Ал келесі видеода (листать етіңіз) бірнеше жылдық өтілі бар Тұрсын Төлегенова. Гауһардың жағдайын естіп хабарласқанымда өтінішімді жерге тастамады. Қазіргі уақытта Шынқуат Байжанов, Абзал Құспанов істің жай-жапсарын анықтауда. Алдағы аппеляциялық сотта жеңіп шығамыз деген ниеттеміз, жеңіп шықсақ екен деген дұғадамыз? #жыламашыәпкем #құдайқуаныштанғанажылатсын

Публикация от Ляйла Султанкызы (@sultankyzy)

♦Гаухар Әлімбекова: Бақыт тәте мені темір торға тоғыттым деп бақытты боп жүрген шығар...

Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.  Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берген еді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеді. 

4 қаңтарда 6 жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекова сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылды.

Дайындаған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір