• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Тамыз, 07:52:48
Алматы
+35°

26 Ақпан, 2019

Ең қымбат тележүргізуші Опра Уинфри жайлы не білеміз?

Опра ең қымбат тележүргізуші және ең бай қара нәсілді әйел атанды.

БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ

Әлемді аузына қаратқан қара нәсілді тележүргізуші, продюсер, актриса Опра Уинфри талай жанның кумирі десек те болады. 1954 жылы 29 қаңтарда дүниеге келген атақты Опра бар ғұмырын телевизия саласына арнаған.

Опра Уинфри

Оның балалық шағы қиындыққа толы болды. Алғашқы қойылған аты Орпа болатын. Тума-туыстары және достары бұл есімді дұрыс айта алмағандықтан, Опра деп атап кеткен.

Анасы Вернита Ли үй қызметкері, әкесі Вернон Уинфри әуелі әскери қызметкер, кейін шаштараз қызметін атқарған. Оның ата-анасы заңды некеде болмаған. 6 жасына дейін Опра әжесінің қолында өсіп, 2.5 жасында хат тани бастайды. Әжесі діни қызметкер болғандықтан, Опра Библияны жаттап өседі. Қатал тәрбиемен өскен кішкентай қыз алғыр болғандықтан мектеп табалдырығын үшінші сыныптан бастайды. 6 жасқа келгенде анасымен бірге Висконсон штатына келеді. Бұл жақта ол «кішкентай оратор» деген атаққа ие болады. Тележүргізуші 8 жасында әкесінің шақыртуымен Нэшвил қаласына барады.

9 жасында Опраны 19 жасар немере ағасы зорлап кетеді. Қыздың жақ ашпауы үшін оған балмұздақ сатып әпереді. Алайда, оған жан-жақтан түрлі қорлық көрсетіле бастайды. 14 жасында аяғы ауырлап бала босанады. Бірақ бала туыла салып шетінеп кетеді.

МАНСАП ЖОЛЫ

1971 жылы Опра байқауға қатысып, бақ сынайды. Сол кезде CBS арнасы оған ұсыныс тастайды. Алғаш кешкі жаңалықтарда комментатордың көмекшісі болып қызмет етеді. 1976 жылы WJZ-TV арнасына қызметке орналасып, 6 сағаттық жаңалықтар жүргізушісі мен  таңғы ток-шоудың тізігінін ұстайды. 1985 жылы киноға түсіп,  өзінің актрисалық мансабын бастайды. Алғаш түскен фильмі «Цвет пурпупа» (The color Purple) деп аталады. Бұл жолы да үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.  «Золотой Глобус» және «Оскардың»  ең үздік қосалқы әйел рөлі үшін сыйлығымен марапатталады..

1986 жылы атақты бағдарламасы «Шоу Опра Уинфри» ашылады. Осы кезде тележүргізушінің атағы әлемге жайыла бастады. «King World Productions»

Шоу Опра Уинфри

телекомпаниясымен бірлесе отыра жұмыс істеп, Опра ең қымбат тележүргізуші және ең бай қара нәсілді әйел атанды. Бағдарламаның қонақтары - саясаттанушылар: Билл Клинтон, Джордж Буш, Дональд Трамп; атақты өнер жұлдыздары: Мадонна, Майкл Джексон, Рики Мартин, Аль Пачино болды.

Атақты телешоу әлемнің 164 мемлекетінде көрсетіліп, 4561 эпизод түсірілді. 2011 жыл бағдарлама жабылды. Бағдарлама жабыла салысымен Опра өзінің жеке   OWN  (OPRA WINFREI NETWORK) деп аталатын телеарнасын ашады. Бүгінде Опра қайырымдылық қорын және өзінің жеке журналын басқарады.

ЖЕКЕ ӨМІРІ

Опра  Стэдэм Грэхэм есімді азаматпен көңіл қосқан. Олар 1992 жылдан бері азаматтық некеде тұрады. Алғаш 14 жасында бала туған ол мұнан кейін ана болу бақытын сезінбеген.

Опра Уинфри

 

                                                                                                   Ұсынған: Әсем Мерекеқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір