• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Шілде, 12:58:42
Қазақстанда кредит беру шарттары өзгереді

27 Наурыз, 2019

Кімге сенеміз, қай Президентке қараймыз?!.

Ақиқаты, Тоқаевқа Назарбаев дәуірінен түйінді мәселелер қалды.

Мемлекет  - біреу. Елде - екі президент. Наурыздан кейінгі көңіл күй әлі елең - алаң. Алдағы екі -үш ай кімнің кім екенін анық көрсетер. Бірақ...

Қай президентке қарарымызды білмей қалдық қой.

Анығы, тұңғыштың өкілеттілігі өте жоғары. Қызметтен кеткенде біреу жылады, екіншілері «енді қалай болар екен?» деп алаңдады.

Ешнәрсе де болмайды! Тіршілік бұрынғы жүйенің әдетімен әрі қарай жалғаса береді. 

19 наурыз күнгі сағат 19.00-дегі мәлімдеме халықты әрі-сәрі күйге түсіргені рас. Бірақ бәрі келісіммен алдын ала жүзеге асырылған. Ақиқаты, Назарбаев үшін қазір Тоқаевтың артық абыройлы кандидатура жоқ. Көптеген  сарапшылар Қасым-Жомарт Кемелұлын қырғыздың Роза Отынбаевасы секілді  өтпелі кезеңнің президенті ретінде көреді. Олай емес. Өйткені Тоқаевтың президенттікке келуі алдымен Тұңғыш Президент үшін де, ел үшін де тиімді. Ресей мен Қытай үшін де Тоқаевтың кандидатурасы дұрыс.  Ал өзге адам келуі екіталай. Қазір базбір топтар немесе сарапшылар мен бірқатар журналистер қауымы келешек сайлау үшін Президенттің туысқандарын, ағайындары мен оның қызы Дариғаның есімін көбірек атауда. Бұлай болуы логикаға сыймайды. Елдің тыныштығы үшін, қоғамның тұрақтылығы үшін Тұңғыш президент мұндай қадамға бармауы керек. Бірақ...

Ол үшін өтпелі президенттік кезең тұсында Қасым-Жомарт Тоқаев ел қалайтын қадамдарды жүзеге асыра алуы тиіс. Мәселе осында. Бірақ оны Тұңғышпен келісе отырып жасай ма, жоқ әлде, өз қадамы арқылы тәуелсіз шешім шығара  ма? Мәселе осында. Ақиқаты, Тоқаевқа Назарбаев дәуірінен түйінді мәселелер қалды. Ол түйінді кім шешеді? Расында қоғамда қордаланған проблемалар әлі жетерлік. Атап айтсақ...

«Қазақ мәселесі» әлі шешілген жоқ.

Мемлекетқұрушы ұлттың ұпайы әлі түгел емес.

Мемлекеттің тілдің мәртебесі әлі төмен.

Тәуелсіздік алғанымызға 28 жыл өтсе де, сыбайлас жемқорлық әлі жойылған жоқ.

Жемқорлық деген – жегі құрт. Оны қалай ұясында тұншықтыра аламыз?

Ел қазынасына қол сұққан жемқорлардан қалай құтыламыз?

Заң бар, бірақ неге толыққанды жұмыс істемейді?

Қазақ қоғамында заң әділетті түрде  үстемдік құруы үшін не істелінуі  керек?

Той, думан, ысырапшылықтан қалай ада боламыз?

Қазақ тойына  реформа керек. Мұны қалай реттейміз? Өзбек пен тәжік  сияқты бізге де заң қабылдау керек пе?

Үкімет пен Мәжіліс және Сенат қашан қазақша сөйлейді?

Білім саласында неге  менталитетке сай емес реформалар жасала береді?

Айлығы аз, бейнеті батпан мұғалім мен дәрігердің мәртебесі қашан көтеріледі?

...Сауал көп. Жалғаса береді. Бірақ, кешеден келе жатқан бұл түйінді кім шешеді? Тоқаев па, Назарбаев па? Кімге сенеміз, қай Президентке қараймыз?!.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

AIKYN KUZYRBAY 27 Наурыз, 2019

Ресей мен кытайды неге оздерiне телiп ала бересiндер тауелсiз елдiн перезидентiнде булардын какысы канша.акылды болындаршы аиналаиындар, намыстарын кайда..