• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:40:30
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2019 Кәсіпкер

Қысқартуға көп жағдайда өте талантты адамдар ұшырайды. Олардың жұмыстан қуылуына себеп – қызметін нашар атқарғандықтан емес, жай ғана көралмаушылықтар немесе шектен тыс қысым.

Десек те, бірқатар жұмыс берушілер мұндай кадрлардан бойын аулақ ұстауға тырысады. Әрі қарай парақтасаңыз, не үшін қызметтен қуылған маманды жұмысқа алу керектігінің бірнеше себептерін айтып береміз.

Олар бірден жұмысқа кірісуге дайын тұрады

Қазіргі уақытта мамандардың басым бөлігі екі немесе үш жұмысты қатар жасай береді. Жаңа жұмысқа кіріскенде, негізгі жұмысының шаруаларына алаңдап, беріліп кете алмайды. Сондай-ақ, ол жақта әлі аяқталмаған жобалары немесе қолына тимеген жалақысы болса, мәселені одан әрі шиеленістіре түспек.

Ал қысқартуға ұшыраған немесе жұмысынан қуылған азаматтар дереу жаңа орын табуға белсенді кіріседі. Олар жаңа қызметіне бір-екі күннің ішінде араласып кетуге даяр. Өйткені, олардың аяқтауы тиіс шаруалары мен бұрынғы жұмыс орынында жауапкершіліктері жоқ.

Олардың күші тасып тұрады

Егер үміткердің жұмысқа деген қызығушылығы төменгі деңгейде болса, оның жаңа ортаға сіңіп кетуі бірқатар қиындықтар туғызуы әбден мүмкін. Себебі, оларда қалыптасып қалған ортасын, тұрақты жалақысын қимау, ескі күндерді аңсау секілді сезімдер басымырақ болады. Бұндай типтегі мамандардың жігерін жанып, барынша жанарына от беру шарт.

Ал жұмыстан қуылған қызметкерлердің көпшілігі өздерінің мансап жолдарының жаңа бағытқа ауысқанын сезініп, сол бағытта өзін дәлелдеуге тырысады. Жаңа жұмысшының сіздің кәсібіңіз үшін тырысқаны - ақшаға сатып ала алмайтын құндылық. Өйткені, ол бәсекелестік туғызады, ол команданы алға сүйрейді.

Олар ерекше ортаға барғысы келеді

Қызметкерлер кей жағдайда ішкі атмосфера жөнді болмағандықтан, өздерінің потенциалын толығымен көрсетуге мүмкіндік ала алмайды. Сол себепті оның жұмысы автоматты түрде нашар халде болады. Кейін барлығы белгілі... ол жұмыстан қуылып тынған.

Ендігі жаңа жұмысында ол өзінің қолы жетпеген ішкі атмосфераны іздейді. Сіз жұмыс беруші ретінде әңгіме барысында компанияның аурасы жайлы, қызметкерлердің қарым-қатынасы жайлы айтуды ұмытпаңыз.

Олардың бірқатары уақытша жұмыс іздейді

Кей жағдайларда жұмыстан қуылған қызметкерлер тамаша табыс көзін немесе қомақты қаражат тауып алады. Олар ендігі уақытта төменгі жалақы мен тұрақты жұмысқа қызығушылық таныта қоймас. Дегенмен, сүйегіне сіңіп кеткен әдетінен арылғанша, қосымша ретінде жұмыс іздеуі мүмкін.

Егер сізге белгілі бір маман уақытша мерзімге қажет болса, осы санаттан қарастырғаныңыз абзал.

Қысқарған қызметкерлер – ашылмаған таланттар

Өздеріңізге мәлім, компания ішіндегі қысқарту науқанына жұмысын, жауапкершілігін жөнді игеріп кете алмаған қызметкерлер ілігеді.

Ал олар алғашқы қадамдарын енді ғана жасаған болса ше? Онда олардың бойында бұққан таланты бары анық. Бәлкім, сіздің компанияңыздағы мансабында жас қызметкердің жаңа таланты жарқ ете түсер?

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір