• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
26 Тамыз, 11:38:29
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

12 Сәуір, 2019 Денсаулық

Адам көзінде өмір сүрген ара

Естімеген елде көп. Адам көзінде өмір сүрген аралар.

Дәрігерлер көмекке жүгінген әйелдің көзінен бірнеше араны тауып алған. Иә, кәдімгі ұшып-қонып жүретін, шақса жаныңды көзіңе көрсететін ара. Аралар әйел адамның көзіндегі жас өзектерімен, денеден, көзден бөлінетін сұйықтықтармен қоректеніп келген.

Тайвань елінде араның ең кішкентай деп есептелінетін түрі өмір сүреді. Оны ғылымда да, жергілікті аймақтарда да «тай арасы» деп атайды. Араның аталған түрі соңғы уақыттарда жер бетінен аса үлкен қарқынмен жоғалып бара жатыр. Ал ғалымдардың айтуынша, аралар жоғалса, экожүйенің бұзылуы орын алмақ.

Аралар жаппай қырылмаған екен...

Ғалымдар аралардың аталмыш түрі адам ағзасын және одан бөлінетін түрлі сұйықтықтарға аса құмар екенін дәлелдеп отыр.

29 жастағы тайваньдық әйелдің жанарынан дәрігерлер төрт бірдей араны тапқан. Олар осы уақытқа дейін көз жасының өзегімен қоректеніп келіпті. Ал көзіне ара ұялаған деген ой әйелдің үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Көзіне қатты нәрсенің түскенін байқап, содан кейінгі жанына батқан ауру мен тоқтамай аққан жас жетелеп келген-мыс әйелді дәрігерлерге.

Әйелдің жанарына ота жасаған дәрігер Хунг: "Микроскоппен қарағанда, мен көздің жиегіндегі жәндіктерге ұқсайтын бір нәрсені байқап қалдым. Мұқият, көз алмасына залал келтірмей, оларды алып шығуға тырыстым", - дейді.

Нәтижесінде көз ұяшығынан алынған аралардың барлығы тірі болып шыққан. Әйелдің де денсаулығы бірқалыпты деңгейде сақталды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір