• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 05:24:33
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

16 Сәуір, 2019 NEWS

Өзге құжатпен несие алған Ақтөбе тұрғыны сотталды

1 миллион 325 мың теңге несиені өзге азаматтың жеке куәлігі арқылы рәсімдеген азамат ұсталды.

Ақтөбе қаласының тұрғыны тауып алған жеке куәлік арқылы банктен несие рәсімдеген. Құжатты тапқан ер адам несиеге техникаларды жедел сатып, түскен ақшаны букмекерлік орталықта ойынға салып, ұтылып қалған. Өтірігі ашылған кезде ол Ресейде бой тасалап жүріпті-мыс.

Ақтөбе қаласындағы орталық даңғылда орналасқан спорт кешенінің маңынан өзге адамның төлқұжатын тауып алған Арсен И. есімді азамат  тұрмыстық техникалар сататын дүкенге барып, екі компьютерлік ойын, джойстик, смарт-сағат, фитнес-браслет, ұялы телефон, ойын консулын несиеге рәсімдеген.

Бірінші жолы батпан құйрыққа кез болған Арсенге тек 985 мың теңге көлемінде несие тағайындалыпты. Ал араға апта салып, басқа дүкенге барған ол тағы да табылған төлқұжат арқылы 335 мың теңге тұратын ұялы телефон және ноутбук алады.

Несиеге алынған заттарды жарнамалық сайттарда сатып, одан түскен ақшаны букмекерлік орталықта ұтылған Арсен Ресейге барып бой тасалайды. Араға көп уақыт салмай, күдікті Арсен сот алдында жауап берді.

Оның айтуынша, ол табылған төлқұжаттағы азаматпен қатты ұқсас болыпты. Букмекерлік конторда ұтылып қалған ол Ресейде жұмыс істеп, содан тапқан табысымен қарызын жаппақ болғанын айтады.

Сот шешімі бойынша Арсен И. «алаяқтығы» үшін айыпталып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот қылмыскер азаматты екі банкке 2 миллион теңге көлеміндегі өтемақы төлеуге міндеттеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір