• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:39:53
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2019 NEWS

Жас тілшілер жедел ақпарат жазып, бағын сынады

Екі күнге созылған білім додасына еліміздің әр аймағынан 17 команда қатысып отыр.

15 сәуірден бері Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің XI Республикалық пәндік олимпиадасы өтіп жатыр.

Екі күнге созылған білім додасына еліміздің әр аймағынан 17 команда қатысып отыр. Пәндік олимпиаданың басты тақырыбы «Ұлы дала ұлағаты» деп аталады. Жарыстың алғашқы күнінде қатысушы студенттер таныстыру және эссе жазу бойынша бақ сынасты. Жас журналистер жедел ақпарат жазып бақтарын сынады.

Сайыс шарты негізінде қазылар алқасы өз бағасын беріп, пікір білдірді. Ұйымдастырушылар қала қонақтарына Павлодар қаласының көрікті жерлерін аралатты. Мәшhүр Жүсіп Көпейұлының мешіті, Рәміздер саябағы, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі студенттерге ерекше әсер қалдырды.

Сайыс қорытындысы бүгін белгілі болады.

Айдана Орынбай,

Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің студенті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір