• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:56:37
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2019 Ғылым-білім

ҰБТ-2019: Мамандыққа сәйкес пәндерді таңдаудың жолы айтылды

Биылғы ҰБТ-да қандай өзгерістер барын білгіңіз келсе, оқыңыз.

Мемлекеттік білім беру гранттары Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеудің нәтижесіндегі балл арқылы конкурстық негізде бөлінбек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.

Білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бейіндік пәндер бағытына сәйкес бөлінетін болады. Сонымен қатар, грантты тағайындау конкурсында төрт білім беру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік беріледі.

Мысалы, биология мен химия пәндерін таңдағандар:

"Химия мұғалімдерін даярлау";

"Биологиялық және сабақтас ғылымдар";

"Ветеринария";

"Жалпы медицина" сияқты білім беру бағдарламаларының топтарын таңдау мүмкіндігіне ие.

Егер шығармашылық емтихан қамтылған болса, онда білім беру грантын тағайындау конкурсында оған бір ғана білім беру бағдарламалар тобын таңдау мүмкіндігі беріледі.

Мысалы, шығармашылық емтиханды қамтитын "Бастапқы әскери дайындық" мамандығына құжатын тапсыратындар тек қана "Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау" сияқты бір білім беру бағдарламалар тобын ғана таңдай алады.

Білім беру бағдарламалары топтарының тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында көрсетілген.

Білім беру бағдарламалары топтары бойынша гранттар саны бекітілгеннен кейін ҚР БҒМ және Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында жарияланатын болады.

Ал грантты жеңіп алған соң жоғары оқу орнына қабылдау кезінде тағы да нақты білім беру бағдарламасын таңдауыңыз керек болады.

Мысалы, "Химия мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламаларының тобы бойынша грант иегері болсаңыз, онда жоғары оқу орнына қабылданғанда "Химия" немесе "Химия-Биология" бойынша білім беру бағдарламасының біреуін таңдау қажет.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір