• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 05:23:54
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

17 Сәуір, 2019 NEWS

Жетісайдағы масқара: үш баладан кімнің өшін алды екен? (Видео +18)

Масқара! Кішкентай қыздың әуретіне пышақ тыққан.

Әлеуметтік желіде Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында үш қыз балаға өгей шаша тарапынан зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы ақпарат тарауда. Ақпаратты Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады. 

"2019 жылғы 11 сәуір күні орта мектеп директоры аудандық білім бөліміне аталған мектепте оқитын кәмелет жасқа толмаған апалы-сіңлі үш қызда дене жарақаты бар екенін хабарлаған.

Ертеңіне, яғни 12 сәуір күні аудандық полиция бөлімінің тарапынан ҚР Қылмыстық Кодексінің 140 бабы, 2 тармағы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда балалар Жетісай аудандық орталық ауруханасында дәрігерлер қарауында. Олардың денсаулығы мен өміріне еш қауіп жоқ.

Аталған істі Облыс прокуроры өз бақылауына алды. Бүгін күдікті азаматшаға қатысты шектеу шаралары қолданылады", - делінген ресми мәлімдемеде.

Бейнежазбалар мен фотосуреттердегі балалар алған жарақаттың бір емес бірнеше рет қайталанғаны байқалады. Өйткені, соңғы жарақаттар қанталап тұрса, алдыңғы зардаптардың орыны жара болып біткен.

Үш қыз бала кімнің несібесін тартып жеді екен? Әлде әкелерінің өгей шешеге деген махаббатына тосқауыл болды ма? 28 жастағы жас әйелдің мұнша зұлымдыққа баруына не түрткі?

Мәселе түбегейлі нақтылануы тиіс. ҚР Конституциясындағы Бала құқығы туралы заңды белшесінен басқан әке де жауапқа тартылуы керек.

Ал ар алдында да, заң алдында да ауыр қылмыс жасаған әйел қатаң түрде жазалануы тиіс.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір