• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 06:08:55
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

18 Сәуір, 2019 NEWS

"Нотр-Дам" шіркеуін қалпына келтіруге қаражат жіберген қазақстандықтар

"Нотр-Дамды құтқарайық" деген ұранмен мекеме сайтында арнайы бөлім пайда болды.

Алматы мен Ақтөбе қаласының кәсіпкерлері өртеніп кеткен христиан шіркеуін қалпына келтіруге мыңдаған еуро бөлді.

Алматы тұрғыны Лиана Асадуллаева Парижде екі рет болған. Бірақ "Құдай Ана" шіркеуін көре алмапты. Қазір алматылық шіркеуге жолы түспегеніне өкінеді.

"Түні бойы ұйықтамадым. Өрт сөндірушілер отты өшіре алады деп үміттендім. Парижден мыңдаған шақырым алыста болсам да, жанында тұрғандай сезім болды. Шіркеу толық өртенбесе екен деген барлық әлем жұртшылығымен біргемін. Болған жағдай жаныма батып барады..." - дейді Лиана.

Лиана – кәсіпкер-өнертанушы. Қайырымдылықтан да алшақ емес. Жыл сайын өзінің көрме ұйымдастырып, одан түскен қаражатты жас суретшілерді қолдауға жұмсайды. Ал қазір Лиана Париждегі шіркеуді қалпына келтіру үшін мың еуро аударыпты.

Ақтөбелік Руслан Әсетұлы Парижді де, шіркеуді де тек кинодан, суреттен көрген. Бірақ Еуропадағы шығыс нақышында салынған құрылыстың құрдымға кетуі оны бей-жай қалдырмаған.

"Мен өнерді сүйемін. Бұл жерде мемлекет, дін, ұлт деген дүниелер маңызды емес. Біздің міндет – кереметтерді келер ұрпақ үшін сақтап қалу. Мен қатты күйзелдім. Енді қазіргі уақытта ғимаратты қалыпқа келтіру үшін физикалық, моральдық және ақшалай күш керек. Түсінемін, менің 1700 еуром теңізге тамшы тамызғандай, егер әрбіріміз қолдан келген көмегімізді көрсетсек, болашаққа бағытталған іс болар еді", - дейді Руслан.

Францияның мәдени құндылықтарын сақтау мемлекеттік қоры «Құдай Ана» шіркеуін қалпына келтіру үшін қаражат жинай бастады. "Нотр-Дамды құтқарайық" деген ұранмен мекеме сайтында арнайы бөлім пайда болды.

Қолданушыларға 50 мен 500 еуро арасындағы немесе кез-келген қаржы көлемін аудару ұсынылған.

Еске сала кетейік, Франциядағы "Құдай Ана" шіркеуі 15-сәуір күні кешкі мезгілде өртке оранды. Қазір жалын ауыздықталып, салқындату шаралары жүргізілуде. Өрт сөндірушілер шіркеудің екі мұнарасын, жалпы қаңқасын, ішіндегі мәдени құндылықтарды аман алып қалды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір