• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 08:10:15
Кайдзеннің өндірістегі қағидалары

22 Сәуір, 2019 Спорт

Азия чемпионаты: көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

Финалда Моңғолиямен тартысқан қандастарымыз чемпион атанды.

Бір аптаға созылған дүбірлі доданың да соңғы сайысы аяқталды. Көкпардың топтық кезеңі бойынша үздік шыққан қос команда – Қазақстан мен Моңғолия көкпаршылары финалдық кездесуде нағыз мықтыны анықтады депхабарлайды BAQ.KZ.

Азияның азулы көшпенділерінің ұрпақтары арасында өткен кездесу тартысқа толы болды. Қазақстан құрамасының капитаны, "Көкпар ойынының ұлы ойыншысы" атанып үлгерген жас берен Құрманбек Тұрғанбектің жігіттері алаң қожайыны өздері екенін бұған дейін де дәлелдеген еді, финалда да барын салды.

Ал бұған дейін Азия чемпионатында Аударыспақ бойынша 80+ келіде чемпион атанған, Теңге ілудің Қола жүлдесін қанжығасына байлап үлгерген Жеңісбек Серікұлының командасы да мықтылығын танытты.

Сонымен баян-өлгийлік бауырлармен өткен кездесудің алғашқы бөлігінде қос команда есепті 2:1-ге жеткізді.

Көрерменнің, әсіресе Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ІІ халықаралық форумына келген шетелдік қонақтардың қанын қыздырып, нағыз көшпенділік рухты сезіндірген екінші таймда ойыншылар есепті 8:3-ке жеткізді. Жеңіс жерлестеріміздің тақымында тулады. Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды.

Осылай Елбасының тікелей тапсырмасымен жарияланған Жастар жылы аясында ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатының Көкпар бойынша жеңімпазы Қазақстан құрамасы болды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір