• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 00:27:37
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

14 Мамыр, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Сұмдық! Wash&Go, Tide, Mary Kay, Camay, Lenor, Rexona өнімдері - қара тізімде

Сұлулық жолында не қор болмайды? Бұл жазықсыз тіршілік иесі – жануарға қатысты.

–Бүгінгі күні экология мен табиғат мәселесі көп айтылады. Әрине, саябаққа бару және оны тазалау немесе қазір экологиялық таза косметика мен тұрмыстық химия құралдарын пайдалану өте ыңғайлы. Бірақ, сол косметикалық өнімдерді өндіру процесі қалай өтетіні туралы көп адамдар біле бермейді. Атап айтқанда, сұлулық жолында не қор болмайды? Бұл жазықсыз тіршілік иесі – жануарға қатысты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Көптеген компаниялар өз өнімдерін тұтынушыға жеткізбес бұрын алдымен жануарларға пайдаланады. Соларға сынақ жүргізеді. Жануардың терісіне тек қана кремді қолданып, "қызарды ма, жоқ па?" деп тексере салмайды. Барлығы әлдеқайда күрделі және қатал.

Зертханада жануарларды арнайы машиналарға қысып қояды. Осыдан кейін азаптау басталады. Әртүрлі химиялық қоспаларды адамның көзіне қалай әсер ететінін тексеру үшін алдымен жануардың көзіне құйып тексереді. Мұның бәрі бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Бұл сынаққа қояндардың таңдап алынуының себебі, бұл жануар жылай алмайды. Сондықтан да құйылған зат оның көзінде тұрмайды, жойылмайды, тіпті араласпайды. Көбіне қоян мұндай күшті ауруға төтеп бере алмайды және машинадан шығуға тырысып, мойны жұлынып, өліп кетеді.

қоян

Сынақ негізінен қоян, мысық, иттер мен маймылдарда, егеуқұйрықтарда, сондай-ақ гвиней шошқаларында жүзеге асырылады. Бұл сынақ жүргізген жануарлардың терісін сылып, алып тастайды, тері жамылғысы жыртылғанша азаптайды. Мысалы, Fairy-дің қолымызға қалай кері әсер ететінін білесіз. Ал енді осы орайда кінәсіз жануардың жағдайын көз алдыңызға елестетіңіз.

Өздеріңіз білесіздер, ұнтақтық заттарда «дем алуға болмайды» деп жазылған. Сол ұнтаққа зертханадағы жануарлар тұншығып өлуде. Өйткені  адамның тұтынуына жетпей тұрып,  алдымен жануарларға осылай сынайды.

Парфюмерлік индустрия да бұл әрекеттен алшақ емес. Жануарларда жүргізілетін парфюмерлік сынақ LD 50 деп аталады, басқаша айтқанда  – өлім дозасы. Препарат жануарға түседі, ол әдетте жануардың ішіне, бұлшық етіне немесе тамырына енгізілуі мүмкін.

Көптеген компаниялар жануарларға жасаған сынақтарын қатаң құпияда сақтайды. Және бұл таңқаларлық емес, өйткені бүгін экология мен табиғат мәселесі жай ғана танымал емес, сонымен қатар сәнді де болды. Егер жануарларға сыналған өнімдердісауда орындарынан сатып алуды тоқтататын болсақ, үлкен косметикалық және химиялық магниттер өздерінің үлесін жоғалтады, ал кейбір кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.  Ал жыл сайын осы дүрбелең машиналарда сынаққа ұшыраған алты миллионнан астам жануарлар өледі, бұл тек ресми түрде анықталғаны ғана.

Негізі кейбір өнімдерде «Жануарларға сыналмаған» белгі бар.

қоян

Өкінішке қарай, көптеген компаниялар өздерінің өнімінің сату көлемін ұлғайту үшін осындай жалған ақпарат береді. Мысалы, Avon косметикалық бренді өзінің өнімдерін алдын ала жануарларға тексермейтіндігін мақтанышпен жариялайды. Сонымен қатар, біріншіден, жануарларға сынақтан бас тартқан алғашқы косметикалық бренд. Іс жүзінде, компания өз өнімдерінде бұрын жануарларға сыналып, тексерілген жаңа заттарын пайдаланады.

Германияда косметика және тері күтімі өнімдерін жануарларға сынауға 1998 жылдың күзінде тыйым салынған.

Жануарларға өнімдерді сынаумен айналысатын ең қатаң компания Procter және Gamble екен. Procter and Gamble зертханаларында жыл сайын 50 000-нан астам жануарлар өледі.

Жануарларға сынақ жүргізетін компаниялардың тізімі белгілі. Ол тізімді  PETA’s Caring Consumer Project жобасы жасайды. Осы тізімге енбеу үшін компаниялар өз өнімдерін тұтынушыға жеткізбес бұрын алдымен жануарларға тексеріп, сынақ жүргізбейтінін  дәлелдейді.

Мұнда ӨЗ ӨНІМДЕРІН ЖАНУАРЛАРҒА ТЕКСЕРЕТІН КОМПАНИЯЛАР ТІЗІМІ берілген:

Ace, Adidas, Always, Ajax, Arm & Hammer (бренд), Aim, Ariel, Arrid, Aquafresh, Aussie, Aveeno, Avon, Axe, Banana Boat, Baldessarini, Bain de Soleil, BenGay, Biotherm, BIC Corporation, Blend-a-Med, Boyle-Midway, Brillo Braun, Бабушка Агафья, Байгон, Белорусская косметика, Calgon, Calvin Klein, Cacharel, Camay, Carefree, Cif, Clairol, Clean & Clear, Clearstick, Clear VitABE, Close-up, Coppertone, Colgate-Palmolive, Colgate-Palmolive, CornSilk, Coty , Cover Girl Comet, Cillit, Church & Dwight, Crestwood Industrial Park, Crest, Davidoff, Daily Defense, DEL Laboratories, Desitin, Discreet, Dior, Domestos, Dove, Dosia, Duracell, Dry Idea, Dr. Scholl's, Drano, Easy Off, Edge, Fairy, Faberg, Formula 409, Fresh Step, Fantastik, Garnier, Giorgio Armani, Giorgio, Gillette, Glad, Glade, Harpic, Head&Shoulders, Helena Rubinstein, Herbal Essences, Henkel, Helene Curtis Industries, Iams, Johnson & Johnson, Jacques Dessange, JOOP!, Kerastase, Красная линия, Lancome, Lanza, La Roche-Posay, La Cross, Lady's Choice, Lady Speed Stick, L'Oreal, Lever Bros, Lancaster, Lenor, Liquid Plumber, Listerine, Lubriderm, Lysol, Matrix, Essentials, Max Factor, Maybelline, Mary Kay, Mentadent, Mennen, Mop & Glo, Мистер Мускул, Миф, Neutrogena, Noxzema, Натурелла, O.B., Ohm, Old Spice, OFF, Oral-B, Olay, Old English, Orange Glo International, Oust, Pantene, Pampers, Pepsodent, Pronto, Pearl Drops, Pfizer, Physique, Pine-Sol, Plax, Playtex Products, Pledge, Ponds, Procter, Gamble, Protex Purex, Ralph Lauren, Raid, Reckitt-Benckiser, Redken, Rexona, Renuzit, Rembrandt, Resolve, Reach, Rimmel, Right Guard, ROC, Русское поле, Salon, Selectives, Safeguard, Sally Hansen, Secret, Sensodyne, Sure, Shamtu, Schick, Scrubbing Bubbles,Schwarzkopf, Shout, Skintimate, Smith Kleine, Beecham, SoftSoap, Soft Sheen, Soft, Scrub, Soft & Dri, S.O.S., Spray 'N Wash, Speed Stick, Sunsilk, Tampax, Timotei, Tide, Tix, Tiret, Tilex, Thermasilk, Туалетный утёнок, Unilever, Vanish, Vichy, Vidal Sassun, Visine, Veet, Wash&Go, Wella, Wilkinson Sward, Woolite, Ziploc, Elizabeth Arden
Estee Lauder компаниясы және оның өнімдері өз өнімдерін жануарларға тексеретін компаниялардың қара тізіміне алынды.

Бренды Estee Lauder: Darphin, Decleor, Aveda, Clinique, MAC, Origins, Bumble and Bumble, Prescriptives, Jo Malone, La Mer, Aramis, American Beauty, Flirt!, Tom Ford Beauty, Ojon.

ӨЗ ӨНІМДЕРІН ЖАНУАРЛАРҒА ТЕКСЕРМЕЙТІН КОМПАНИЯЛАР:
Ahava, Aesop, Almay, Amway, Amrita, Anytime, Angelic Luxury, Apotheker Scheller, AquaSource (пищевые добавки), Aquolina, Arran Aromatics, Artdeco, Astonish, Bare Escentuals, Belweder, BeYu, Benefit Cosmetics, Bi-Es, Bioderma, Bobby Brown, Boots и бренд «№7», Bourjois, Boutique D'Elite, Bubchen, California Tan, Carita, Carolina Herrera, Caudalie, Cecedille, Clarins, Cliven, Collistar, Cussons, Cutrin,Danya Cosmetics, Deborah, Decleor, Dental Cosmetics, Dermalogica, Donna Karan, Dr. Hauschka Skin Care, Essence, EVA (POLLENA EWA), Eveline, Finelle, Fleur de Sante, Florena, Framesi, Freeman, Fresh line, Frosch (Erdal Rex), Goldwell, Green Mama, Guerlain, Guinot, Herbina, Himalaya Herbals, i.d. bare Escentuals, Iren Bukur, Isa Dora, Ja-De, Jason Natural Cosmetics, Jessica McClintock, Joe Bloggs, Kiki, KRKA,, La Prairie, Lanza, Lek, Liz Claiborne, L'Occitane en provence, londa, Lumene, Lush, M.A.C., Madina Milano, Mann&Schroeder, Manhattan, Markwins, Mc. Bride, MD Formulations, Mediterranean, Montagne Jeunesse, Natural source,Natural-Code, Nature Shop, Nature's Gate, Nina Ricci, Ninelle, Nivea, Nouba, Nuxe, Oceanic Cosmetics, Octagon Investment Holdings, OPI, Oriflame, Orlane, Orly, Paco Rabbane, Paul Mitchell, payot, Professional touch, Pupa, Radox, Revlon, Rooibos, SCA, Sebastian, Seventeen, Smashbox, Statestrong, Stila Cosmetics, Sisley cosmetics, Still, Swiss Formula (St. Ives), Talika, The Body Shop, Tigi haircare (Bad Head), Tommy Hilfiger, T-Zone (Brodie&Stone), Victoria's Secret, vitaskin, Weleda, Werner&Mertz, Wet-n-wild, Yardley, Yves Rocher, Silca, Chantelle, Kolastyn, Faberlic (утверждает что не тестирует, хотя сотрудничает с Henkel), Jane Iredale, Jose Eisenberg Paris, Institut Arnaud, Superdrug Naturals,
ЗАО Эльфа компаниясы және өнімдері: Зеленая аптека, Магия трав, Sun Energy, Caramel, Salon, Dr. Sante, Fresh Juice, Dermaglin, Домашний доктор, Cool men, Pink Elephant, Фармацевтическая Фабрика НПО Эльфа.

қоян
Енді сіздердің қолдарыңызда осы тізім бар.  Демек бұл қорқынышты сынақтардың жалғасуы немесе тоқтауы сіздің қолыңызда. Сондықтан жазықсыз құрбандардың обалымен келген сансыз заттарды сатып алмасаңыз, бұл заңсыз әрекетке кішкене болса да кедергі болар едіңіз. Оның орнына тексеруден өткен экологиялық таза өнімдерді қолданыңыз және мұндай өнімдер сапалы, олардың өндірісі табиғатқа, соның ішінде тікелей тұтынушыға еш зиянын келтірмейді.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір