• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Шілде, 15:36:37
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

16 Мамыр, 2019 NEWS

Бауыржан Байбек Instagram әлеуметтік желісінде ресми парақшасын ашты

Бауыржан Байбек алдағы уақытта Алматы қаласын дамытуға бағытталған жоспарларымен бөлісіп, қала билігінің тыныс-тіршілігімен таныстырмақ.

Қазақстанның ірі қалаларының бірі – Алматының әкімі Бауыржан Байбек Instagram-да өзінің жеке парақшасын ашты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі әкімнің ресми Instagram аккаунтына  сілтеме жасап.

Бауыржан Байбек алдағы уақытта Алматы қаласын дамытуға бағытталған жоспарларымен бөлісіп, қала билігінің тыныс-тіршілігімен таныстырмақ.

«Таяу арада «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасын іске қосамыз. Алматының әр ауданында жарты миллиардқа жуық теңгені тұрғындардың өздері қайда жұмсалатынын анықтайтын болады. Қалалықтар өз ұсыныстары мен жобаларын бере алады, ал ашық дауыс беру олардың ең үздіктерін анықтайтын болады. Бүгін мен қоғаммен байланыстың тағы бір арнасын ашуды жөн көрдім. Яғни, сіздердің өтініштеріңіз бен талап-тілектеріңізді тікелей қабылдап, атқарылған жұмыстар туралы күнделікті хабардар ететін боламын», - деп жазды алғашқы жазбасында.

Сонымен қатар: «Алматы әкімдігіндегі алғашқы жұмыс күндерімде қалалықтармен ақпараттық байланыстың негізгі көзі әлеуметтік желілер болды. Сондықтан біз Инстаграмда әкімдіктің аккаунтын және «Open Almaty» қоғамдық қабылдау орталығын аштық. Сіздерден келіп түскен өтініштерді зерделей отырып бүгінгі күні бюджеттің басым бөлігін әлеуметтік мәселелерді – абаттандыру, қоғамдық көлікті дамыту, жол, мектеп, балабақшалар, ауруханалар салуға және басқа да өзекті мәселелерді шешуге бағыттадық», - деп алғашқы күннен бастап әлеуметтік желіде белсенді қызмет атқарғанын тілге тиек етті.

17 сағат бұрын салынған әкімнің жазбасын 6 мыңнан астам адам ұнатып, мыңнан астамы пікір қалдырған. Ресми парақшаға 31 мың адам жазылған. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Алматы әкімдігіндегі алғашқы жұмыс күндерімде қалалықтармен ақпараттық байланыстың негізгі көзі әлеуметтік желілер болды. Сондықтан біз Инстаграмда әкімдіктің аккаунтын және «Open Almaty» қоғамдық қабылдау орталығын аштық. Сіздерден келіп түскен өтініштерді зерделей отырып бүгінгі күні бюджеттің басым бөлігін әлеуметтік мәселелерді – абаттандыру, қоғамдық көлікті дамыту, жол, мектеп, балабақшалар, ауруханалар салуға және басқа да өзекті мәселелерді шешуге бағыттадық. Таяу арада «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасын іске қосамыз. Алматының әр ауданында жарты миллиардқа жуық теңгені тұрғындардың өздері қайда жұмсалатынын анықтайтын болады. Қалалықтар өз ұсыныстары мен жобаларын бере алады, ал ашық дауыс беру олардың ең үздіктерін анықтайтын болады. Бүгін мен қоғаммен байланыстың тағы бір арнасын ашуды жөн көрдім. Яғни, сіздердің өтініштеріңіз бен талап-тілектеріңізді тікелей қабылдап, атқарылған жұмыстар туралы күнделікті хабардар ететін боламын. С первых дней моей работы в акимате Алматы одним из основных каналов обратной связи с горожанами стали социальные сети. Для этого были открыты аккаунт акимата в Инстаграм и общественная приемная «Open Almaty». Опираясь на ваши обращения, большую часть бюджета мы направили на решение социальных проблем, вопросов благоустройства, развития общественного транспорта, строительства дорог, школ, детсадов, больниц и др. Скоро мы запустим пилотный проект «Бюджет участия». В каждом районе Алматы до полумиллиарда тенге будут распределяться самими жителями. Горожане смогут вносить предложения и проекты, а публичное голосование определит лучшие из них. Сегодня я решил открыть еще один личный канал обратной связи, чтобы напрямую получать ваши обращения и пожелания, а также информировать о нашей каждодневной работе.

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Дайындаған: Маржан Сәбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір