• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
24 Қазан, 09:20:59
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

24 Мамыр, 2019 Тарих

Ким Чен Ын орыс екенін неге жасырады?

Құдіретке қарсы шығар ешкім жоқ қой енді...

Солтүстік Кореяның мәңгілік президенті Ким Ир Сен және оның ұлы Ким Чен Ир, немересі Ким Чен Ын туралы ақпарат өте аз. Шартты өмірбаян жария әрі қолжетімді болғанымен, тарихшылар ол жерде туған күн датасына дейін өзгертілгенін алға тартады.

Совет үкіметі мен қытай деректеріне, мұрағаттағы құжаттарына құлақ ассақ, кәріс елінің мәңгілік патшасы Хабаровск қаласының маңындағы Вятское елді-мекенінде дүниеге келіпті-мыс. Туған кезде ол Юрий Ирсенович Ким деп аталды. Өйткені, болашақ президент ССРО жерінде дүниеге келгендіктен, оның әкесінде орыс үрдісі бойынша тек беруден өзге амал болмады.

КХДР билігіне 1948 жылы келген Ким Ир Сен нәрсете дүниеге келгенде өзінің болашақта осы орынған келетінінен және кішкентайдың да президент болатынынан бейхабар еді. Құдіретке қарсы шығар ешкім жоқ қой енді...

Кейіннен президенттер отбасы Кореяға оралады. Юрий жедел түрде Ир болып өзгерді. Айта кету керек, отбасы атажұртына оралғанда, Юрий Ирсенович Кимнің Александр есімді інісі болған. Ол туралы қазір мүлдем ақпарат жоқ. Александр тірі тұрғанда, Ким Чен Ир оп-оңай әке мансабына мұрагер бола салар ма еді?

Юрий Ирсенович Кимнің кіндігінен туған бала Ким Чен Ын қазір Солтүстік Кореяны сауатты басқарып отыр. Оның да Юрьевич болуға әбден құқығы бар. Бірақ, әскери болып қызмет атқарған көреген атасы немересінің жай ғана орыс жігіті болғанын қаламағандықтан, оның есім-сойын өзгертіп, таза кәрісше ныспы берген.

Аударған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір