• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Тамыз, 15:33:08
Альпинистердің нақты қай жерде екені әлі белгісіз

27 Мамыр, 2019 Саясат

Илья Ильин: Тоқаевты Елбасының өзі ұсынғаны үшін қолдаймын

Атақты спортшы сайлау туралы ерекше пікір білдірді.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлет Илья Ильин алдағы президент сайлауына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы спортшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының Қызылорда облысындағы жиынында айтты.

"Менің ойымша, Қасым-Жомарт Тоқаев алда келе жатқан президент сайлауындағы ең үздік кандидат, себебі оны Елбасының өзі ұсынып, қолдау білдірді. Ал мен Нұрсұлтан Әбішұлының саясатын қос-қолдап қолдаймын. Сондықтан баршаңызды сайлауға келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырамын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіне келетін болсам, ол – өте керемет адам, сонымен қатар саясат туралы, елдегі жағдай туралы жетік білетін, осы салада ұзақ уақыт жұмыс жасаған жан ретінде танимын. Барлықтарыңызға мені қолдап, құрметтегендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сөз соңында тағы да, баршаңызды сайлауға келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырамын", - деп ойын қорытындылады Илья Ильин.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

@ilyailyinforever ✊✌

Публикация от @ toqayev_shtaby

Дайындаған: Дәурен Сыбанбай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір