• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:25:46
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Ахметбектің ғана емес елдің анасы еді...

«Баласы жақсы аналар, ешқашан қартаймайды» деп айтушы еді анам.

Белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың анасы келмес сапарға аттанды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ахметбек Нұрсила — кәсіпкер, алғашқы қазақтілді бизнес-тренерлердің бірі. «Швабские колбаски” шұжық комбинатының иесі. “Асыл ағаш” (“Heaven House`) сауда маркасымен Павлодардағы жиһаз фабрикасын банкрот болып жатқан жерінен көтерген бизнесмен. 2001 жылы Қазақстан Президенті жанындағы Кәсіпкерлерлер кеңесінің мүшесі болған. “Саржайлау” қымыз шұбат өндірісі компаниясының иесі және бас директоры. Семей-тері тон тігу комбинатының негізін қалаушы. Үржар ет комбинатын банкроттықтан көтерді. «Пестициды» ЖШС тыңайтқыштар сататын компанияның акционері.

Бірнеше бизнес-жобаның негізін қалап, жүзеге асырған қазақ кәсіпкері Ахметбек Нұрсила — соңғы жылдары интернет-аудитория, әсіресе, Facebook қолданушылары үшін жақсы таныс тұлға. Қазір "Бизнес Бастау"  атты жас кәсіпкерлік мектебінің иесі.  

"Менің Анам - баласы жақсы аналар, ешқашан қартаймайды!

Менің анам Бибати—өмірге 15 бала әкелген БАТЫР АНА! Ол балаларды аттың жалы, түйенің қомында жүріп тапты десе болады. Әкей марқұм бір анадан жалғыз еді, анам қандай жағдайда болмасын серіктесі болды, өмірдің барлық ыстық-суығында қасында болды. Жас кездерінде Қытайда тұрғанда әкей қызметкер болды, анамыз қасына еріп, Сарысүмбеде болды. Елге келген соң әкей малшы болуға мәжбүр болды, анамыз балаларын арқалап, жетелеп жүріп тамағын пісіріп, киімін жуып қасында болды. 

«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деген өлеңді, шешем кейде «Баласы жақсы аналар, ешқашан қартаймайды» деп өзгертіп айтып отырады. Өмірде не істесек те, аналарымызды қуантып жүрейік, одан артық қуаныш жоқ болар саналы адам баласына!" деп жазған еді Ахметбек Нұрсила анасы туралы.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ахметбек Нұрсиланың анасының қазасына қайғыра отырып, көңіл айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір