• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:51:48
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 NEWS

Қарағандыда "ЦОН-ға" қойлар кіріп кетті (видео)

Қойлардың ерекше қылығы желі қолданушыларының бірқатарын күлкіге кенелтсе, келесі бір легінің ашуын туғызды.

Ыстықтан бас сауғалаған қойлар Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріне кіріп кеткен. Кабинеттегі бір топ қойды ақыры қуып шығуға тура келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Видеоны қойды қуып жүрген ер адам түсіріп алады. Қойды шығара алмаған видео авторы кәуәп жайлы есіне ала жүріп қуып шықты ақырында. 

Видеода көрінгендей, ғимарат маңдайшасында "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалының Ұлытау аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі" деген жазу бар. 

Қойлардың ерекше қылығы желі қолданушыларының бірқатарын күлкіге кенелтсе, келесі бір легінің ашуын туғызды. 

Ұсынған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір