• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:46:01
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 Аймақтар

Мал азығы аз деп алаңдамаймыз

Енді міне, экологиялық таза мал азығына қажетті  құрылымдардың құрылысы д

Асыраушы саланы алшаң бастыру бағытында бүгінде қолға алынып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аз емес. Шағын және орта бизнес субъектілерін субсидиялаудың өз жүйесі жасалса, төрт түліктің тұяғын көбейтуде де «Құлан», «Асық», «Сыбаға» бағдармаларының беріп жатқан жемісі көп. Енді міне, экологиялық таза мал азығына қажетті  құрылымдардың құрылысы да қолға алынып жатыр.

Осы орайда, соңғы кезде ел арасында жиі айтылып жүрген «гидропоника» әдісін айтуға болады. Жалпы гидропоника жаңа технология болғандықтан «Қазгидропоника» ЖШС-гі фермерлерді мал азығымен қамтамасыз етудің инновациялық тәсілін ұсынып отыр.
Күні кеше аталған серіктестіктің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Жамбыл облыстық  ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері Аменкелді Карентаев, Сағынхан Әміреқұлов және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары мен шаруа қожалық жетекшілері қатысты. 

«Қазгидропоника» ЖШС-нің лентасын сала ардагерлері Аманкелді Карентайұлы мен Сағынхан Әміреқұлұлы қиғаннан кейін, серіктестіктің атқарушы директоры Данияр Әубәкіров күніне 400 келі  гидропоникалық қондырғы өндіретін цех жұмысымен таныстырды. 
– «Гидропоника технологиясын пайдалану арқылы бір шаршы метрінен сауын сиырды күні бойы азықтандыруға жеткілікті 20-25 келі  жасыл желек ала отырып, сүт өнімділігін 30-40 пайызға, ал майлылығын 3-4 пайызға дейін арттыруға және ет бағытындағы ірі қара малдың күндігіне 800-1500 грамм қосымша салмақ қосуына мүмкіндік туады, – дейді серіктестік басшысы Данияр Оңыласынұлы.

Тараз қаласындағы автобекет маңында орналасқан цех толығымен жарақтандырылған және 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта серіктестік гидропоника технологиясын қолдана отырып, облыстағы шаруашылықтарды гидропонды құрылғылармен жабдықтауды көздеп отыр. Нәтижесінде  шаруалар жаңа технологияның арқасында жер жыртып, мал азығы аз деп алаңдамайтын күнге жетпек.  
Атқарушы директордың айтуынша, гидропоника әдісі арқылы дайындалған өнімдер арпа дақылының құнарлығымен пара-пар екен. «Жасыл жемді пайдаланған шаруа ветеринарлық ауруларды да біржолата ұмытады», - дейді мамандар.

Иә, бұл сөз жоқ, жанға жылу беретін жаңалық. Қожалықтар   төрт түлігіне қаржы үнемдеп, таза, әрі құнарлы жеммен азықтандыра алатын мүмкіндікке ие болып отыр.  Бұдан шаруалардың шаруасы шалқитыны сөзсіз. Және мұндай бастама кеңестік кезеңдегі көрсеткішті діттеп, Әулиеата өңірін маңыраған малға толтырады деген үміт мол. Ендеше тірлігін енді тіктей бастаған серіктестіктің жұмысына сәттілік тілейік. Мемлекеттік бағдарламалардың шарапаты деген осы.

Жайдар Азамат  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір