• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Тамыз, 09:52:11
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

07 Маусым, 2019 Оқиғалар

Алматы облысында қараусыз қалған балалар ток ұрып қайтыс болды (видео)

Алматы облысында екі бала жантүршігерлік жағдайда қаза тапты.

Ата-ананың қарауынсыз қалған жеткіншектер тоққа түсіп қалған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Жамбыл ауданына қарасты Еңбекшіарал ауылында болды.

Жеке тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген 11 және 8 жастағы екі бала су тартатын құбырдағы электр сымын байқамай ұстап алған.

Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, электр су сорғыштың сымы ашық қалған.

Алғашында балалардың кішісі оны ұстап алып, тоқ ұрған. Үлкені оны құтқарамын деп электр күшінен соққы алған. Нәтижесінде екеуі де оқиға орнында қайтыс болды, дейді төтеншеліктер. Қазір оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр. 


Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір