• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:43:45
Алматы
+35°

03 Шілде, 2019 Барлық аймақтар

Қостанай қаласында 6 қазақ мектебі бар

Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қостанай облысындағы білім басқармасына хабарласып, облыс бойынша қанша мектеп барын анықтады

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің журналисі Әсел Болатқызы 27 маусымда «Қазақ мектептерін көбейтіп, жақсы жағдай жасауға қауқарымыз жетпей ме?» атты тақырыппен мақала жариялады. Бұл мақалада Қостанай қаласында қазақ мектептерінің  саны аз екені жазылған. Сондай-ақ бұл мақаланы «caravan.kz» және «365info.kz» сайттары орыс тіліне аударып, "Қостанай қаласында жалғыз қазақ мектебі жабылмақ" деген мағынадағы тақырыппен жариялапты. Мақала қоғам арасында шу тудырып, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Білім министрі мен облыс әкіміне Қостанайдағы қазақ мектептеріне қатысты мәселені шешуді тапсырды. Қостанай қаласының әкімдігі осы мәселе бойынша брифинг өткізіп, мақалада айтылған деректің нақты еместігін хабарлады.

Мақалада Қостанай қаласындағы мектеп саны жөніндегі статистикалық мәліметтен және кейіпкер айтқан мектептің атауынан қателік кеткен. Нақтылайтын болсақ, кейіпкер №24  Сырбай Мәуленов атындағы мектеп емес, бастауыш сыныптарына арналған №24 А мектебі жөнінде айтқан.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қостанай облысындағы білім басқармасына хабарласып, облыс бойынша қанша мектеп барын анықтады.

Ресми мәліметке сәйкес, Қостанай облысында жалпы саны 504 мектеп бар. Қазақ мектебінің саны – 120, орыс мектебінің саны – 263 және аралас мектептің саны – 121. Ал қала бойынша 6 қазақ мектеп, 17 орыс мектеп және 10 аралас мектеп бар.

Аталмыш материалға түзетулер енгізілді.

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің бұл мақаланы жазудағы мақсаты – шу тудыру емес. Шын мәнісінде, Qamshy.kz сайты еліміздің солтүстік өңіріндегі қазақтілді мектептердің жағдайы жақсы емес екенінен оқырманды құлағдар еткісі келді. Алайда аталған мәселе әлеуметтік желі және сайт арқылы таралған кезде оған артық эмоция қосылып, түсініспеушіліктер орын алған.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қостанай қаласының әкімдігіне осы мәселеге жедел назар аударғаны үшін өз ризашылығын білдіреді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қостанай қала

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір