• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
25 Тамыз, 17:25:48
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

14 Шілде, 2019 NEWS

Арыста 804 үй толық жөндеуден өтті

2019 жылғы 13 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысы Арыс қаласында 804 үй қалпына келтірілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметінде жазылған.

Қазір 5346 құрылысшы мен 231 арнайы техника жеке тұрғын үй құрылысы және көпқабатты тұрғын үйлер құрылысының 3512 нысанында (бір күн бұрын 3232 нысанда) жұмыс істейді. Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, тәулік ішінде құрылысшылар қалпына келтіруді қажет ететін 280 үйді қамтыды. Тағы 1610 62 әлеуметтік нысанды (53 білім беру нысанын, 6 денсаулық сақтау және 3 спорт нысанын) қалпына келтіріп жатыр.

ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, күн сайын үйлерге мониторинг жасалып, құрылыс барысына бақылау жүргізіледі. Үйлерді қалпына келтіру қарқыны қалыпты, бірақ кейбір секторларға жұмысды жеделдету қажет.  Елбасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық зақымданған және қираған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы керек. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір