• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:02:25
Алматы
+35°

18 Шілде, 2019 Барлық аймақтар

Смартфон адамның бас сүйегін өзгертеді

Австралиялық University of the Sunshine Coast ғалымдарының зерттеуі бойынша 18 және 30 жас аралығындағы адамдарда бас сүйектерінде шоқы көп кездеседі

Смартфондарды көп қолданатын адамдарда жаңа анатомиялық ақау пайда болады, яғни адамның желке бас сүйегі  ұлғаяды.

Австралиялық University of the Sunshine Coast ғалымдарының зерттеуі бойынша 18 және 30 жас аралығындағы адамдарда бас сүйектерінің желке тұсының шығыңқылау болуы көп кездеседі. Мамандардың айтуынша, "соңғы он жылда бас сүйегінің желке тұсы шығыңқы адамдар көбейіп кетті". Ғалымдар 18 бен 86 жас аралығындағы адамдарды іріктеп алып, мыңнан аса бас сүйекті тексерді. Бас сүйектің желке тұсының шығыңқы  болып кету себебі - адамдардың гаджеттерді шектен тыс қолдануынан, – дейді ғалымдар. 

Олардың түсіндіруінше, қазіргі заман адамдары көп уақытын смартфонды шұқылаумен және басқа да гаджеттермен уақытын өткізеді. Смартфонды көп қолданғаннан мойын мен желке бұлшық еттеріне, желкедегі сіңірге қосалқы күш түсіп, ағзадан оған жауап ретінде жаңа сүйекті өсінділер шығады.

"Қазіргі таңда бас сүйектің сыртқы шүйдесінің шығыңқылығы - 2,6 см, бұл 1996 жылға қарағанда әлдеқайда көп. Мұндай бас сүйектің өзгеруі - "жасанды технологиялық резолюция". Уақыт өте келе, егер смартфонды қолынан тастамаса, бұл шығыңқы сүйек өмір бойы адамда қалып қояды", - деді зерттеушілер.

Ильдар Адильченов

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: смартфон телефон

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір