• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:30:01
Алматы
+35°

30 Шілде, 2019 NEWS

Министр Заречный түрмесі жайлы: "Бұл масқара!"

Кеше шұғыл шаралар барысында мекеменің 5 қызметкері ұсталып, екі қылмыстық іс қозғалды. Сол бес адамның ішінде түрме бастығының орынбасары да бар. Тергеу жалғасуда, екі күннің ішінде тиісті шара қабылданады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Заречный түрмесінде болған жағдайға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

"26 шілдеде әлеуметтік желілерде видео таралып кетті. Онда Алматы облысының Заречный кентіндегі түрмеде сотталғандарға зорлық-зомбылық көрсету фактілері жарияланған. Мен бірден қызметтік тексеріс жібердім. Колонияға ішкі қауіпсіздік мамандары барды", - деді Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін 40 видео мен аудио жазба зерделеніп, сотталғандарға зорлық көрсету фактілері расталды. Кеше тәртіптік комиссияның шешімімен 14 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Олардың ішінде 7-і ішкі істер органдарынан шығарылды. Түрменің екі орынбасары мен мекеме бастығы да жұмыстан босатылды.

"Кеше шұғыл шаралар барысында мекеменің 5 қызметкері ұсталып, екі қылмыстық іс қозғалды. Сол бес адамның ішінде түрме бастығының орынбасары да бар. Тергеу жалғасуда, екі күннің ішінде тиісті шара қабылданады. Шыны керек, ондай факт қылмыстық атқару жүйесі үшін масқара. Біз басқа мекемелерді де тексеретін боламыз", - деді Тұрғымбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір