• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:44:10
Алматы
+35°

02 Тамыз, 2019 NEWS

Президент Дональд Трампқа қарсы шықты

Ресей БАҚ айтуынша, бұл Ресейге пайда алып келмесе, зияны жоқ

АҚШ-танушы, саясаткер Дмитрий Бавырин жақында ғана президент кеңсесінің басшысы Андрей Богданның отсатвкаға кеткені туралы хабарлама таратқан болатын. Бұл Украина президенті Владимир Зеленскийдің шешімімен болған АҚШ басшысы Дональд Трампқа қарсы шығу кезінде орын алған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рамблер сайтына сілтеме жасап.

1-тамыз күні кешкісін украиндық БАҚ Богданның өз еркімен отставкаға кетейін деп жатқаны туралы ақпарат тарата бастады. Кейінірек оның орынбасары Руслан Рябошапка бұл қауесет "бос сөз" деп атап өтіп, Богданның қарсыластары оны отставкаға кетіре алмайтынын мәлімдеді. 

Бавырин бұл оқиғаны Трамптың қатысуымен болып жатқан "үлкен ойынның бір бөлшегі" деп атады. Оның айтуынша, Трамптың кеңесшісі Рудольф Джулиани Богданға тіс қайрап жүрген. 

Зеленскийді ұлықтау рәсіміне бір апта қалған кезде Джулиани Киевке ұшамын деп ойлаған, бірақ соңғы сәтте шешімінен бас тартып президенттің тобын сынға алды. Оның ойынша Трампқа қарсы күш құрғандар сол топтың ішінде бар екен-мыс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір