• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Қыркүйек, 04:41:41
Кекілбаевқа арналған кеш

19 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбыл облысында жаңа аудан әкімі тағайындалды

Облыс басшысы Асқар Мырзаxметов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Жамбыл облысының Байзақ ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұдан былай бұл қызметті ҚР Президент әкімшілігінің және аудандық мәслиxаттың келісімі бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов атқаратын болды.

Облыс басшысы Асқар Мырзаxметов аудан активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Асқар Исабекұлы Байзақ ауданының мал шаруашылығына бейім, егістікке қолайлы екенін ескеріп, жаңа әкімге халықтың тұрмысын жақсарту, қосалқы шаруашылықты дамыту жұмыстарын жандандыру, өңірдің экономикасы мен әлеуетін дамыту жолында зор жауапкершілік жүктеп, сенім білдірді. Бекер емес. Бүгінде жаппай жұрттың әл-ауқатын арттыру басты бағыттың бірі. Бұл ретте қосалқы шаруашылыққа аймақ басшысы ерекше ден қойып отыр. Аудан активінде облыс әкімі Жамбылда сан мәрте сарапталып, пысықталған қосалқы шаруашылықты ширатуға президенттің келісімін алғанын жеткізді. Бүгінде Жамбылда жасалған қанат қақты жобаны қаржыландыру жолдарын үкімет бас боп тиісті министрліктер іске кіріскен. Асқар Исабекұлы жаңа әкімнің іскерлігі осы бағытта көрінуі тиіс екенін ескертті.

Өз кезегінде ауданның жаңа басшысы артылған сенімді ақтауға тырысатынын жеткізді. Ал, бұған дейін аудан әкімі қызметін атқарған Рахматілдә Рахманбердиев Сегізбайұлы абыройлы зейнет жасына жетіп, құрметті демалысқа шыққан болатын.

Айта кетейік, Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған, ұлты қазақ. Білімі жоғары. Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын «инженер-механик», Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «экономика» мамандықтары бойынша бітірген, техника ғылымдарының кандидаты.

Ол өз еңбек жолын 1991-1996 жылдары Жуалы ауданы М.Горький атындағы колхозының механигі, бас инженері болып бастап, әр жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметтерінде болып, тәжірибе жинаған.

Сондай-ақ, 2008-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімінің бас инспекторы, облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Ал, 2018 жылдың ақпанынан бастап бүгінге

дейін Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып еңбек етті.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір