• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:09:01
Алматы
+35°

Қарағандыда «Древней Рим» мейрамханасындағы іске қатысты тергеу ісі аяқталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Новый вестник сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, 1 қаңтар күні Қарағандыдағы "Древний Рим" мейрамханасында болған жанжал кезінде бір жігіт көз жұмған болатын. 

Полиция мәліметінше, күдіктілер ішінде 14 адам бар, олардың  13-і қамауда болса, біреуі босатылған. Шетелге қашып кеткен күдікті Ресей елінде ұсталған. Адвокаттың айтуынша, «күдіктіні елге қайтару ұзақ мерзімдік процесс».

Құқық қорғаушылар 62 томдық істі құраған. Қазір күдіктілер мен олардың адвокаттары іс материалдарымен танысуда. Күдіктілердің қамау мерзімдері ұзартылды.

Бірінші қаңтар күні мейрамханалардың біріндегі төбелестен кейін 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Полиция сегіз адамды тұтқындап, Нарек Гурурян есімді азаматты іздестіре бастады. Облыстық прокуратура әлеуметтік желідегі әртүрлі пікірлерден кейін ұлтаралық араздық факторы бойынша іс қозғады.

8 қаңтар күні Гурурян өзінің төбелеске қатысқанын мойындап, алайда ешкімді өлтірмегенін айтып, бейнежазба таратты. Сегізінші қаңтарда полиция күдікті Гурурянға өз еркімен берілуге кеңес берді. 9 қаңтар күні полиция күдікті Гугурянды тұтқындады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір