• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:07:06
Алматы
+35°

19 Тамыз, 2019 Аймақтар

Жамбылда ауыл тұрғындары ауыз судың рахатын көріп жатыр

64512 адам тұратын Т.Рысқұлов ауданында 43 ауылдық елді мекеннің 26 (60,4%) ауылында ауызсу жүйесі бар (55029 адам немесе 85,3%)) және 17 (39,6%) ауыл тұрғындары құдықтан және ұнғымадан (артезиан) (9483 адам немесе 14,7%) су алады.

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында ең алдымен әлеуметтің әлеуетін көтеру қажеттігін баса айтты. Ал қара халықтың қамына бағытталған жобалар Жамбыл облысында аз емес. Соның бірегейі ауылдарды ауызсумен қамтуға бағытталған «Ақбұлақ» және «Ауызсу» бастамасы. «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойына жанданған жобалардың бір легі Т.Рысқұлов ауданында бағдарын тауып жатыр.

Мәселен 64512 адам тұратын Т.Рысқұлов ауданында 43 ауылдық елді мекеннің 26 (60,4%) ауылында ауызсу жүйесі бар (55029 адам немесе 85,3%)) және 17 (39,6%) ауыл тұрғындары құдықтан және ұнғымадан (артезиан) (9483 адам немесе 14,7%) су алады. 2007 жылдан бері 17 елді мекенде (45727 адам немесе 70,9%) «Ауыз су» және «Ақбұлақ» бағдарламалары аясында жаңа ауыз су жүйелері құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген.Аталған ауызсу жүйелеріне «Таза су-2014»мекемесі қызмет көрсетеді, тұтынушылар саны 34588 адам, яғни 6161 аула, тұтынушылар есептеу аспаптарымен қамтамасыз етілген.Орталықтандырылған ауызсу жүргізілген елді мекендеріне қарасты ауылдарда ауызсу жүйесіне қосылмаған тұрғын үйлерді қосу жұмыстарын жүргізу үшін іс-шаралар жоспары бекітіліп, 5 елді мекен бойынша 1031 аулада 3915 халық саны анықталды. Кестеге сәйкес маусым айында 250 аула ,910 адам ауызсу жүйесіне қосылды.Луговой, Ақыртөбе, Қорағаты станциясы ауылдарына «Теміржол-су» мекемесі қызмет көрсетеді.

Қазіргі уақытта кезең-кезеңімен ескі су жүйесінің тозығы жеткен Бәйтелі, Құмарық, Алғабас, Тасшолақ, Әбжапар, Жалпақсаз, Р.Сәбденов, Қазақ, Жаңатұрмыс, Малдыбай, Сәлімбай, Жарлысу, Сөгеті, Мамайқайыңды ауылдарына жаңа ауыз су жүйесін жүргізу мүмкіндіктерін қарастыру үшін су жүйесі жағдайы, мәселелері тағы да тиянақты зерделенуде. Бүгінгі таңда жаңа су құбырының құрылысына Бәйтелі, Тасшолақ, Құмарық, Қаракемер, Жарлысу, Әбжапар, Алғабас ауылдарына ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Бюджеттік өтінім жасалынып, құрылыс жұмыстарын 2020-2022 жылдары жүргізу мақсатында қаражат сұратылуда.

Су - тіршілік көзі. Ал таза ауызсудың ауыл тұрғындарының өмірінде айрықша орын алатыны белгілі. Рас, кеңестік кезеңнен кейін қара шаңырақ ауыл басынан көп қиындықты өткерді. Таза ауызсу түгілі, халық арықтағы ағынсуға қол жеткізе алмады. Десе де Тәуелсіздік таңының ең теңдессіз тартуы орталықтандырылған ауызсуды тұтынудамыз.

Енді құландықтар да ауызсуды арықтан тасып ішпейтін болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір