• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:50:47
Алматы
+35°

03 Қыркүйек, 2019 NEWS

ШҚО Үржар ауданындағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Өткен жылы «Таскескен – Бақты» автомобиль жолының 0-20 шақырымдарында қайта жаңғырту жұмыстары жалғастырылып, 1 млрд. 369 млн. теңге қаржы игеріліп, 7,5 шақырым жолға асфальт төселді.

Биылғы жылы аталған автокөлік жолын қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру мақсатында республикалық бюджеттен 976 млн. 800 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникацияялар қызметінде өткен брифингте Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин айтып берді.
 
– Былтыр республикалық маңызы бар «Талдықорған – Қалбата – Өскемен» автокөлік жолының 615-705 шақырымына қайта жаңғырту жұмыстары басталып айналма жол жасалды. Жоба 2018-2021 жылдар аралығында іске асырылады, – деді Серік Зайнулдин.
 
Облыстық маңызы бар «Мақаншы–Жалаңашкөл» автокөлік жолының 66-133 шақырымдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 67  шақырым автокөлік жолы толықтай жөндеуден өтті.  Сол секілді, 2018 жылы облыстық бюджет есебінен Үржар ауылының 5 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына 100 млн теңге бөлініп, аудан орталығындағы 5 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
 
– Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын ағымды және күтіп ұстау жұмыстарына биылғы жылы 236 млн 600 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылды. Жоспарға сәйкес, Үржар ауданының елді мекендеріндегі көше жолдарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сол секілді, жергілікті маңызы бар «Үржар – Барқытбел», «Жоғарғы Егінсу ауылының кіреберісі» және «Көктерек – Қайынды – Қызылбұлақ» автокөлік жолдарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді Серік Зайнулдин.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір