• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 05:26:38
Алматы
+35°

Жамбылда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ғибратты өнер керуені» мәдени-әлеуметтік жобасы қолға алынған. Облыстың мәдени саласындағы ауқымды жоба халықты салт-дәстүр, той-томалақ өткізудің жөн-жоралғысы, жастар тәрбиесінің бүгінгі бағыты сынды тақырыптарда ақпараттандыруды көздейді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстың зиялы қауым өкілдерінен, ардагерлер кеңесінен белсенділерінен, дін саласының мамандарынан, мәдени қызметкерлер мен танымал азаматтардан тұратын құралған керуен облыс орталығынан алдын ала бекітілген кестеге сай ауылдарға жол тартуда. 100 адамнан тұратын көш бағыты әр ауданның екі ірі ауылына бет түзейді.

–Мұнда «Ғибратты өнер керуені» жобасының қатысушылары ауыл тұрғындарымен сал-дәстүрдің жастар тәрбиесіндегі рөлі, той-томалақтардың өнегелілік мән-мазмұнын арттыру, дін, қоғам санасының рухани жаңғыруы төңірегінде ой бөліседі. Сондай-ақ жер-жердегі өнердің ұмыт қалған ескіт түрлерін дамыту, сирек кездесетін аспаптарда ойнайтын таланттарды тануда керуен жұмысының негізгі бағыты,– дейді облыс әкімдігінің мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев.

Жалпы облыстың мәдени рухани өмірінде Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында халық өнерінің мол мұрасын насихаттауға арналған бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен өткен жылы «Жамбыл - менің жай атым, Халық - менің шын атым» республикалық айтысы алғаш рет аймақтық, аудандық деңгейде іріктеу сындарынан бастау алды. Сол секілді «Әулиеата бояулары», «Тараз симфониясы» классикалық өнер фестивалі, «Талас толқындары», «Көне Тараз күмбірі» фестивалдерінің де мазмұндық деңгейі жоғары болды. Аталған шаралар қазақ халқының этнографиялық жанрдағы ән-күй, билерін жаңғыртып қана қоймай жас таланттарды танып, үлкен сахнаға жолдама беруімен ерекшеленіп жатыр.

Өткен жылы облыста аталған бағдарламалық мақаладан туындаған міндеттерді іске асыру мақсатында 7 ұлттық және 30-дан астам аймақтық іс-шара өткізілген болатын. Сол секілді Кенен Әзірбаевтың атын иеленген облыстық филармонияның материалдық-техникалық базасын жетілдіруге баса назар аударылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір