• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:18:00
Алматы
+35°
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Күршім паромындағы мәселелерді шешу мақсатында арнайы комиссия құруды тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, «Қызыл ту» өткелінде кезек күткен жұрттың қарасы көп. Оған себеп те жетерлік.
 
Біріншіден, өткелде толық жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Соның салдарынан  қозғалыс кестесі тұрақты емес. Ал жөндеу жұмыстарын кезінде мойнына алған кәсіпорын жауапкершіліктен қашып отырған көрінеді.  
 
Аймақ басшысы Даниал Ахметов жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовке осы бағыттағы жұмыстарды реттеуді тапсырды. 
 
– Кәсіпорынды жауапқа тартуға негіз боларлық пунктер келісімшартта қарастырылмаған. Бұл – өз кемшіліктерің. Дегенмен мәселені қайта қарап көруге болады. Сондықтан арнайы комиссия құрылады. Келісімшартты егжей-тегжейлі қарап шығу үшін комиссия құрамында заңгерлер міндетті түрде болсын, – деп тапсырма берді Д.Ахметов.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір