• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:12:22
Алматы
+35°

Бүгін Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттің негізгі міндеті – азаматтардың барлық конструктивті сауалдарына жедел әрі нақтылы жауап беру екенін атап өтті.

«Біз қазірдің өзінде «тыңдай алатын мемлекет» концепциясын іске асыруды бастадық. Барлық басқарма басшылары мен аудандар әкімдері әлеуметтік желілерде аккаунттар ашты, осы арқылы олар алматылықтардан тікелей «кері байланысты» қабылдай алады», – деді Б. Сағынтаев.

Бұдан өзге, басқармалар мен аудан әкімдіктерінде «Ашық есіктер күндері» өтуде. Әкімнің сөзі бойынша олар әр апта сайын өтетін болады.

«Адамдарды сапалы жауаптар толғандырады. Қайтадан өтініш берілмейтіндей етіп, барынша нақтылы жауап беру әрі түсіндіру қажет. Назар аударылмаған әрбір өтініш үшін бірінші басшылар жеке жауапқа тартылады. Кадрлық шешімдер ең алдымен олардың тұрғындармен жұмысының бағасына қатысты қабылданады», – деп атап өтті Алматы әкімі.

Сонымен қатар, жақын арада бейбіт жиындар өтетін орындар анықталады және БАҚ беттерінде жарияланатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір