• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:45:55
Алматы
+35°

Тараз қаласындағы «Көне Тараз»археологиялық кешені жобасының жалғасы ретінде салынып жатқан «Шахристан» тарихи-мәдени орталығы облыс туризмінің бойтұмарына айналмақ.Өйткені мұнда өлкетану мұражайы, «Руханият» орталығы, қолөнер шеберлері мен көркемсурет галереясы, көрме павильоны, амфитеатр сынды бірегей нысандар салынады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі таңда «Шахристан» тарихи-мәдени орталығының құрылысымен 8 құрылыс компаниясы айналысып жатыр. Құрылыс жұмыстарын қазан айының соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. Өз кезегінде жаңа тарихи-мәдени орталығының құрылысы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей бақылауына алған. Өңір басшысы жауапты басқармаларға дизайнерлік әрлеу жұмыстарында жаңа технологияны меңгерген компаниялармен әріптестік танытуды тапсырды.

Ал облыс әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова «Шахристан» тарихи-мәдени орталығындағы көрме залында өңірдегі туристік нысандармен онлайн режимде танысуға мүмкіндік беретін құрылғылардың орнатылатындығын айтады. Ал шеберлер қалашығында 23 қолөнер шеберінің 1 118 кәдесыйы саудаға шығарылмақ.

–Әлемдік туризм нарығында Париж сән астанасы ретінде танымал болса, біз Таразды шеберлер қаласы ретінде танытатын боламыз, –дейді Қарлығаш Әмірқызы.

Құрылыс басқармасының өкілдері мұндағы құрылыс, сәулеттік әрлеу жұмыстарының өзгешеліктерін айтады.

— Бұл маңдағы нысандардың өзге қалалардағыдай «Арбат» толықтырады. Тіпті Таразда 3 бірдей «Арбат» болады. Оның бірі «Март» сауда орталығының артында салынады. Көшені бойлай 350 метрлік канал ағып жатыр. Каналды лазерік шоу типінде әрлеу жұмыстары жүргізілмек.

«Шахристан» тарихи-мәдени орталығы «Көне Тараз» археологиялық кешенінің бір бөлігі болғандықтан екі нысан аралығын жалғайтын 1 шақырымдық жолда жаяу жүргіншілерге арналған «Арбат» етіп салынады. Кешен аумағындағы тұрғын үйлер мен 4 кәсіпкерлік нысанның сыртқы қасбеті шығыстық үлгіде әрленіп жатыр,–дейді облыс әкімдігі құрылыс басқармасы басшысының кеңесшісі Рахманқұл Байтелиев.

Айта кету керек, облыстың 80 жылдығына орай ұйымдастырылатын негізгі шаралар легін дәл осы «Шахристан» тарихи-мәдени орталығындағы өткізу жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір