• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:38:48
Алматы
+35°

Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында алма мен қызғалдақтың отаны Қазақстан екені айтылған. Бұл деректерді ғалымдарда растап отыр. Әр олар қыр қызғалдақтарының тарихы 10 миллион жыл деген ресми мәліметтер келтіреді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазір әлем ғалымдары ұсынған ресми мәліметтері Әулиеата қызғалдағы 10 миллион жыл бұрын пайда болғанын дәлелдеді. Әрі онда қыр қызғалдағының Оңтүстік Еуропа, Иран, Алтай және батыс Қытайға һәм Голландияның түкпір-түкпіріне Ұлы жібек жолы арқылы таралғанын да нақтыланған.

–Шындығында ғалымдар осынау ғажап гүлдер түрін он миллион жыл бұрын пайда болған деген тұжырымға келіп отыр. Бүгінде әлем елдерінде қызғалдақтың 100 жуық түрі өсетін болса соның 40-тан астамы Қазақстан аумағының көркін ашады. Жамбыл облысы аумағында қызғалдақтың 20-ға жуық түрін кездестіруге болады. Оның ішінде Кауфман, Грейга қызғалдақтарын ерекше атай аламыз. Қызғалдақтың атасы саналатын Грейга гүлі әлем дәл осы Жамбыл жерінен тараған, –дейді орнитолог, натуралист Мәлік Нүкісбеков.

Гүл түрлерінің өсу, таралу жайында жетік білетін маман Грейга қызғалдығының Әулиеата жерінен таралғанын растайтын фактор ретінде оның өңір климаты бейімделген жағдайда жақсы өсетін алға тартады.

–Негізінде шындап зерттеп қарайтын болсаңыз қызғалдақтың өмір сүру процесі өте қызық және күрделі. Олар күзде қауашықтарын тастаған кезде бес жүзге дейін тұқым шашады. Осы тұқымдар қар мен жаңбырдан алғашқы тамырларын тастап үлгереді де тамырдан пиязшық пайда болады. Бұл пиязшықтан қызғалдақ өсіп шыққанған дейін 10 жыл уақыт өтеді екен. Одан кейін 10-15 жыл бойы қызғалдақтың 10-15 жылда гүлдеу процесі жүреді. Ал бабын тапса қызғалдақ гүлдері 70 жылға дейін өмір сүреді. Өкінішке орай адам факторының араласуы олардың гүлдеуіне кедергі келтіреді. Тіпті тамырымен жұлу салдарынан қазақ даласының көркі болған қызғалдықтың жойылып кетуі қаупі де туындап отыр,– дейді М.Нүкісбеков.

Расында Жамбыл өңірі қызғалдаққа ең бай өңір саналады. Өйткені мұндағы бір ғана кіші Қаратау жоталарының өзінде қызғалдақтың 15 түрі өседі екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір