• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:29:12
Алматы
+35°

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Жамбыл облысында 48 жоба іске асырылуда. Оның бірі көптен өзекті болып келген «Меркі-Шу-Бурылбайтал» көлік жолының құрылысы жүргізілуде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жол саласында 602 шақырым жергілікті автожолдар мен көшелерге жөндеу жүргізілуде (16,2 шқ жаңа жол салынып, 6,2 шақырым қайта жаңғыртылып, 30 шақырым күрделі және 550 шақырым орта жөндеуден өтеді). Нәтижесінде «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесі» 85% жетеді (2018 ж - 80,1).

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,3%-ға артты (166,6 млрд.теңге) (ҚР өңірлері арасында 8 позиция). «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру 2020 жылға дейін бірқатар нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 2014 жылмен салыстырғанда жалпы ішкі өнімнің өсімін 15,7 пайызға жеткізу көзделеді. Соның ішінде 395,5 мың жұмыс орнын ашуға, бұдан бөлек, Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингіндегі «базалық инфрақұрылымның сапасы» көрсеткішін 57-орынға дейін көтеру мүмкіндік туады. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасын бюджеттік қамту толығымен шешімін тапқан. Атап айтқанда, бағдарламаны іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылы - 796 млрд. тенге, 2016 жылы - 379 млрд. тенге, ал 2017 жылы - 3 млрд. АҚШ доллары эквиваленті көлемінде қаражат бағыттау жоспарлануда. Сонымен қатар, Халықаралық қаржы институттары есебінен индикативті бірлесіп қаржыландыру көлемі 9 млрд. АҚШ доллары шамасын құрайтын болады. Ал ұлттық компаниялар мен даму институттарының меншікті қаражаты есебінен «Нұрлы жол» шараларын қаржыландыру 240,9 млрд. теңге болады. Жалпы алғанда «Нұрлы жол» бағдарламасы негізгі екі блоктан тұрады. Оның біріншісі - инфрақұрылымды дамыту. Бұл блогтағы жобалар 7 бағыт бойынша өрбімек. Олар: көліктік-логистика инфрақұрылымын дамыту, индустриялық инфрақұрылымды дамыту, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жылумен, сумен жабдықтау, су бұру желілерін жаңғыртуға, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту, білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамыту, кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір