• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:48:27
Алматы
+35°

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында, Жамбыл облысының 80 – жылдығы және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай өзге этнос өкілдері жастары арасында эссе жазудан байқау өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Байқаудың басты мақсаты мемлекеттік тілдің маңыздылығын саналы түрде сезіндіре отырып, құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштік қасиетін арттырып, еліміздің бәсекеге қабілетті жастар қатарына қосылуына ықпал ету, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділік пен шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады.

«Жамбылым-жер жаннатым» атты үздік эссе байқауына қатысуға облыстағы әр жоғары оқу орындары және колледждерден 4-5 студенттен қатысты. Олардың өтініштері ағымдағы жылдың қыркүйек айының 16 –шы жұлдызына дейін қабылданды.

Байқауға қатысушыларға қойылар басты талап «Жамбылым-жер жаннатым» тақырыбында 60 минут ішінде қазақ тілінде 250 сөзден кем болмауы тиіс және ережеде көрсетілген критерийлерге сай эссе жазып шығулары керек болатын.

Эссе жазуға сағат таңертеңгі онда отырған қатысушылар талапқа сай 60 минут ішінде аяқтап шықты. Байқау нәтежиесі дайын болғанша студенттер «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенін аралап, мұражай мен Достық үйіне саяхат жасады.

Байқау қортындысы бойынша Тараз мемлкеттік педагогикалық университетінен Газаева Маргарита және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінен Дурсунова Ульфедина І орынды иеленді. ІІ орынды М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен Газаева Салимат, №13 Тараз теміржол колледжінен Сарыбаев Тимур, «Парасат» колледжінен Юлдашева Диера және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінен Столярова Карина қанжығалады. Ал, ІІІ орын Жамбыл жоғары медициналық колледжінен Амзова Нилюфар, №13 Тараз теміржол колледжінен Каракулов Зафар, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен Хакимов Умитжон, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінен Телепко Руслан, Цхай Камилла және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінен Мирзаева Эльмираға бұйырды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды. Қалған қатысушыларға жаппай ынталандыру сыйлықтары және алғыс хаттар табысталды.

Қатысушылар жаппай естелік суреттерге түсумен тарқасты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір