• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:16:16
Алматы
+35°

Қаратау жотасындағы сары фосфордың мол кенін игеру мақсатында құрылған «ЕвроХим-Каратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіріске қажетті мамандарды шетелде дайындау, оларды баспанамен қамту ісін өз күшімен шешуге дайын. Сондай-ақ бұл іске жергілікті әкімдік те белгілі бір деңгейде үлес қосуға дайын. Бұл жайында Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов пен аталған серіктестіктің бас директоры Дмитрий Валышевпен кездесуінде айтылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

 

Бұл кездесуде тараптар өндіріске қажетті кадрларды дайындау және олардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін бірлесе шешу мүмкіндіктеріне баса назар аударды.

Серіктестіктің бас директоры Дмитрий Валышев өндіріске қажетті кәсіби мамандарды даярлау үшін Ресейдегі жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарымен тығыз қарым-қатынаста орнатылғанын жеткізді.

– Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін ресейлік жоғары және арнаулы оқу орындарының арнайы жылжымалы қабылдау комиссиясы ұйымдастырылды. Күні бүгінге дейін Жаңатас қаласынан 12 адам оқуға жіберілген. Біздің серіктестікте алдағы уақытта өз есебінен өндіріске қажетті мамандарды оқытып, біліктілігін арттыруды жалғастыра береді, –деді серіктестіктің бас директоры Дмитрий Валышев,

Өз кезегінде Асқар Исабекұлы өндіріс ошағына қажетті кадрларды жергілікті тұрғындар арасынан алып қайта даярлаудың маңыздылығына назар аударып, оған әкімдік тарапынан қолдау білдіретінін айтып етті. Өңір басшысы аймақта кәсіптік білім беруде грант бөлу ережелері тиісті заң талаптарына сай бекітілгенін тілге тиек етіп, кәсіпорын мүмкіндігі шеңберінде жастарды Ресей және басқа да елдерде біліктілігін жетілдіруге ықпал етуге шақырды.

«ЕвроХим-Каратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры өңір басшысының бұл ойын құптап, сол бағытта шаралардың жалғаса беретіндігіне назар аударды. Сондай-ақ өндіріс орны мамандарды тұрғын үймен қамту мәселесін шешудің жолына тоқталып, бұл бағытта Жаңатастағы ескі тұрғын үйлерді қайта жаңғыртудан өткізудің тиімділігін сөз етті. Сәйкесінше бұл жоспарға жергілікті билік қолдау білдіруге даяр

Кездесу соңында ЕвроХим-Каратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры кәсіпорын тарапынан жұмысшыларды тұрғын үймен қамту ісін жолға жүйелі қою жайына тоқталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір