• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Желтоқсан, 19:20:36
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Қазан, 2019 Аймақтар

Тараздықтар "Рухани жаңғыру" бағдарламасына белсене қатысуда

Қоғамның өмірінің сан саласына түрен салып, тарихқа қайта үңілу арқылы өткенді тануға бағыт берген Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Тараз қаласында да айтуға тұрарлық шаруа атқарылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Өз кезегінде бұл жұмыстардың өз деңгейінде атқарылуы қалалық жобалық офис пен қалалық әкімдіктің жіті назарында. Әрі бұл құрылымдар бағдарламалық мақаладан туындаған міндеттерді іске асыру, насихаттау жұмыстарында есепті кезеңге жасалған жоспарға иек артады.

–Биылғы жоспарға Тараз қаласы көлемінде атқарылатын 86 іс-шара енгізілді. Жыл басынан бері сан түрлі бағыттар мен жобаларды қамтыған бұл шаралардың 58-і өткізілді. Аталған шараларға 17 352 тараздық қатысты. Ал жоспарға сай 86 іс-шара 36 282 қала тұрғынын қамтымақ. Сондай-ақ бағдарламалық мақаладан туындайтын кіші бағдарламалардың да өз деңгейінде іске асырылғанын атап өткен жөн. Мәселен Тараз қаласында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 4 жоба қолға алынса, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша да 4 жоба ұйымдастырылып жатыр. Сондай-ақ «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында 1 жоба іске асырылуда. Бұл жобаларға қаралған жалпы қаражаттың көлемі 82,3 миллион теңгені құрайды. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының кіші бағдарламалары аясында ұйымдастырылған 382 іс-шара 60 350 қала тұрғынын қамтыды,–дейді қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай.

Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» рәсімі аясында өткізілген «Тараздың түрленуі» атты іскерлік-әріптестік кездесуі, «TARAZ FILM SCHOOL» кино мектебінің түлектеріне сертификат табыстау рәсімдері тараздықтардың жадында сақталғаны анық. Мұнан бөлек «Сіз оқуға тиіс әлемдік 100 кітап» әдебиет аллеясы мен «Қазақстандағы тарихи орындар» атты кітап көрмесі де облыс орталығы тұрғындарының рухани жан дүниесін байыта түсті. Облыстың 80 жылдық мерейтойы аясында жаңғырған Жеңіс саябағында аудан өнерпаздарының қатысуымен өткізілген «Жамбылым қандай тамаша» атты концерттік бағдарламасында да тараздықтар ұлттық өнердің қадір-қасиетін жете сезіне алды. Осынау шараларға қала тұрғындарының белсенді қатысуынан тарихи шаһардағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өз деңгейінде қолға алынғаны аңғарылады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір